Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Жерлестеріміз Жазушылар одағына мүше болды

02.02.2024
- Бәрекелді!
0
Жерлестеріміз Жазушылар одағына мүше болды
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Небір қаламгерлер қанаттанған қасиетті Ұлытау өңірі қазір де жақсы ақын, еңбекқор жазушы, жүйрік журналистерден кенде емес. Ал оларға жасалар қолдау, артылар сенім, көрсетілер құрмет болып жатса, нұр үстіне нұр. Міне, осындай бір игілікті іс күні кеше жүзеге асып, әдебиет сүйер қауымды бір қуантып тастады.

Ел ордасы Астана қаласынан Ұлытау облысының төрт бірдей қаламгері – Мұқаш Сейтқазинов, Сара Смағұл, Төлеш Асанов, Ернұр Сейдахмет Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданғаны жайлы сүйіншілеген хабар келіп жетті.

Есімдері аталған қаламгерлердің қай-қайсы болса да қазақ әдебиетіне қомақты үлес қосып отырған жазушылар, ақындар. Өзінің қалам тербеуімен, құрастыруымен, редакторлық етуімен бірнеше кітаптар шығарып, өз оқырмандарын қалыптастырған авторлар. Қаламгерлер туындыларының тақырыптары да әр алуан болып келеді. Оларда туған жер тарихы, өскен ел шежіресі, ел үшін еткен еңбек, ауылдың адамдары, өнер мен өмір қара сөзбен де дестеленіп, өлең сөзбен де кестеленеді. Оның бәрі-бәрінің үлкен-кіші оқырманның қай-қайсысына ой да салары, өнеге де болары қуантады.

«Жақсы десе жан сүйінеді» демекші, жерлестеріміздің алыптар шоғыры ат шалдырған сөз зергерлері қосынына қосылып, іргелі ұйымның мүшесі болғаны жас облысымыз үшін де үлкен мерей.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру