Дүйсенбі, 23 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

Желкенді жетпіс жыл

Өндіріс өрісі

19.05.2023
- «Қазақмыс» құрылымдарында
0
Желкенді жетпіс жыл
96
БӨЛІСТІ
267
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Балқаш мыс балқыту зауытындағы тотияйын   теліміне биыл 70 жыл толды. Осы жылдар ішінде осы бөлім технологтары 450 мың тоннадан астам тауарлық өнім — мыс сульфатын шығарды.

Тарих беттерін парақтар болсақ, тотияйын бқлімінің алғашқы іргетасы 1951 жылы қаланған. Ал 2 жылдан кейін бірінші мыс сульфаты алынды. Аталмыш   телім басшылығында  Сәрсембек Сәкенов, Константин Решетников, Абдукарим Әбдіғазимов, Александр Бирюков, Тілек Мұхамедиев, Федор Богомоловтар болған. Ал, 1999 жылдан бастап ұжымды «Еңбек даңқы» салалық белгісінің толық  иегері Қасқабай Махабаев басқарады.

Тарихы берік қалыптасқан ұжымның шежіресін ардагерлер  Құрмаш Иксанов, Николай және Алексей Пупиковтар, Әлібек Жұмаханов, Каролина Шкирко, Зина Богомолова, Ахмед Кәрібеков, Нұрулла Ғалимулин, Жақсыман Темірбаев, Жамбылбай Бақанов, Самат Көзкенов, Захар Жұмартов, Сапар Сағымбаев, Болат Бегімбаев, Төребай Аманбаев, Майдар Асалбеков, Беделбай Имашев және Фарида Шохатаева өздерінің еңбектерімен жазған.

Бүгінде тотияйын бөлімнің қызметкерлері жылдар бойы көрсеткіштерді түсірмей, жоғары мәреде ұстауға тырысып келеді. Өндірістің озат жұмыскерлері   Беделбай Имашев, Нұрбол Қалиақпаров, Мақсат Нұрғалиев, Тілеубек Үмбетұлы, Азамат Төреханұлы, Константин Лебедев, Ербұлан Шохатаев, Жандос Тохметов, Марат Бөлегенов, Дәулет Садыбаев, Айдын Шорин, СветланаФилиппова  тамаша нәтижелер көрсетуде.

70 жылдық мерейтоймен ұжымды «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС басшылары, өндіріс ардагерлері және шараға келген қонақтар  құттықтады.

Осы күні мерейтойға арнап ұйымдастырылған спорттық шаралар   қызықты және әсерлі өтті.  Жұмыскерлер өзара қошқар көтеріп, садақ атып, гір тасын көтеріп, арқан тартысып бақ сынасты. Сондай-ақ шағын футбол мен үстел теннисінен турнирлер өткізілді.

Шағын футболдан өткен сайыста бірінші орын мерейтой иегерлері тотияйын  телімінің командасына бұйырса, екінші орын дайын өнім  телімінің ұжымына берілді, ал үшінші орынды сулы ертінділерді электролиздеу  цехының спортшылары жеңіп алды.

Үстел теннисінен өткен сайыста  жеке есепте  Айбек Ыбрайым алтын  жүлдеге қол жеткізсе, Дулат Жақыбай  күміс, Тимур Мамин қола жүлдегер атанды.

Мерекелік шараның ең қызықты сәті арқан тарту кезеңі болды. Игі шараға келген қонақтар мен оған  қатысушылар  сайыскерлерге  қолдау көрсетіп отырды. Соңынан жеңімпаздар анықталды. Бірінші орын Механикалық қызмет бөлімінің  командасына бұйырса, екінші орынды тотияйын  телімінің командасы еншіледі. Үшінші орынды  сулы ертінділерді электролиздеу учаскесінің командасы жеңіп алды.

Гір тасын  көтеру сайысында  Влад Подоляка  үздік деп танылса, Азамат Төреханұлына  екінші орын,  Кирилл Храманькоға үшінші орын бұйырды. Садақ атуда  Жандос Тохметов, Әсет Ержанов және Мақсат Мауқұлов мергендік танытты.

Қошқар көтеру жарысында  бас жүлдеге тігілген қошқарды  механикалық қызметтің бөлімшесінің  слесарь-жөндеушісі Адай Тишбек жеңіп алды. , ол қошқарды 200 рет көтеріп,  қарсыластарынан озып шықты.

Мерекелік іс-шаралар концерттік бағдарламамен өрілді.  Өндіріс ардагерлері мен спорт жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ляззат Смағұлова.

 

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • Өрт қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі

    Өрт қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі

    83 бөлісті
    Бөлісу 33 Твитерге 21
  • ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    146 бөлісті
    Бөлісу 58 Твитерге 37
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1748 бөлісті
    Бөлісу 699 Твитерге 437
  • «Бұланты шайқасы» – қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалған тарихи жеңіс

    117 бөлісті
    Бөлісу 47 Твитерге 29
  • САЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
imunify-bot-check