Жұма, 13 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жастарды жұмысшы мамандығына үндеді

10.02.2025
- Жаңалықтар
0
Жастарды жұмысшы мамандығына  үндеді
103
БӨЛІСТІ
285
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын. Бұл бастама аясында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ардагерлер кеңесінің Сәтбаев филиалы жоспарлы түрде оқушы жастармен кездесулер өткізіп, жұмысшы мамандығын дәріптеу, жастарға кәсіптік бағдарлама беру жұмысын қолға алған еді.

Осындай алғашқы кездесулердің бірі Ардагерлер кеңесі Сәтбаев филиалының ұйымдастыруымен қаладағы Индустриялық колледж студенттерімен болып өтті. Кездесуді Ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері, «Қазақмыс» корпорациясының Еңбек ардагері С. Жанқұтов, еңбек ардагері Б. Шәйкенов және осы жолдардың авторы жүргізді. Жастарды еңбекке баулу тақырыбында кездесулер өткізіп жүрген ардагерлер сол үрдістен танған жоқ. Президент жолдауын талқылай келе ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген, өңірімізден шыққан біраз азаматтардың еңбек жолдарын баяндап өтті. Өзі сүйіп таңдаған мамандығы бойынша ұзақ жыл еңбек етіп, зор жетістіктерге жеткен абзал азаматтарды тілге тиек етті.

«Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» деп Президентіміз айтқандай, кәсіби мамандықты шебер игеріп, ел игілігі үшін тер төгу керек. Міне сонда еліңнің елеулісі, халқыңның қалаулысы боласыңдар», – деп тұжырымдады ақсақалдар. Болашақ дәнекерлеуші студенттерге Б. Шәйкенов ақсақал өзінің осы салада 40 жыл еңбек еткен еңбек жолынан сыр шертті. Дәнекерлеуші мамандығының қыры-сырымен таныстырып, техникалық қауіпсіздік cақтау ережелерінен де түсініктер берді.

Кездесу барысында студент жастар өздерінің дәнекерлеу шеберліктерін іс жүзінде көрсетіп, ақсақалдарға ақыл-кеңестері үшін алғыс айтты.

Ибадулла Байбатыров, «Қазақмыс» корпорациясы Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

 

Бөлісу41Твитерге26

Көп қаралған

  • Зауыттың әлеуеті арта түсуде

    Зауыттың әлеуеті арта түсуде

    85 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • Біліктілер біріккен бригада

    94 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Бытовое насилие — проблема, которая требует общей ответственности

    76 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Жастарды жұмысшы мамандығына үндеді

    103 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Айткүл Махметова, желтоқсан көтерілісіне қатысушы: «Көңілде мәңгі сыз қалды»

    117 бөлісті
    Бөлісу 47 Твитерге 29
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру