Жексенбі, 15 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Жас шахматшылар бақ сынады

18.03.2022
- Бәрекелді!
0
Жас шахматшылар бақ сынады
75
БӨЛІСТІ
209
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ақпараттық технология дамыған заманда жасөспірімдердің ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын шыңдау қазіргі білім ошақтарының негізгі бағытына айналды. Мектептерде спорт түрлерінен үйірмелердің жұмысы жолға қойылды.

Қызығушылығы басым жасөспірімдер әртүрлі үйірмелерде қарым-қабілеттерін шыңдайды. Өткен жылы Жезқазған қаласын дадарынды балаларға есігін айқара ашқан «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатында шахмат үйірмесі ашылып, онда білімге құштар оқушылар шахматтың қыр-сырын үйренуде.

Шахмат – логикалық ой өрісті машықтандыратын спорт түрі. Осы ойын түрі арқылы балалар ой жүйріктігіне, шапшаңдыққа баулынуда. Шахматқа қызығушылық танытқан жасөспірімдердің қабілетін шыңдау мақсатында 9-11 наурыз аралығында «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатында тартысты турнир ұйымдастырылды. 6-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысқан бәсекеде үздіктер анықталды.

Жезқазған қаласындағы білім ошақтарынан 32 оқушы шахмат ойынын қаншалықты меңгергендіктерін байқатты. Ойынға аймағымызға танымал шахмат шебері Әділхан Қожабеков төрелік жасады. «Белдессең, бекем бол!» деген ұстанымды берік ұстанған балақайлар оңайлықпен бір-біріне дес бере қоймады.

Үздік шыққандарды марапаттау салтанатында сөз алған мектеп директоры Әлия Бәжібаева турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан, демеушілік көрсеткен Жезқазған кен байыту фабрикасының директоры Мұрат Бөрібаев пен өндіріс орнының еріктілеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Аталмыш бәсекекелер жылы облыстық немесе республикалық деңгейде өтеді деп тұжырымдалуда. Шахмат ойынында үздік шыққан жасөспірімдер жүлделермен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру