Жұма, 18 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: қолдау

Жаңарған асханалар талғамға сай

17.02.2023
- «Қазақмыс»: қолдау
0
Жаңарған асханалар талғамға сай
71
БӨЛІСТІ
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» Холдинг» ЖШС қызметкерлерінің жұмыс бабындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бағдарламасы шеңберінде Холдингке қарасты өндірістік кәсіпорындарында қоғамдық тамақтану нысандарын жаңғырту қолға алынды.

Бұл жауапкершілігі мол шаруаны «Ютария LTD» ЖШС қолға алып, корпорацияның асханаларында жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Сәтбаев қаласындағы «Батыс» кеніші №73/75 шахтасының жаңартылған асханасы өз жұмысын бастады.

Бұл «Ютария LTD» ЖШС күшімен ағымдағы жөндеуден және технологиялық жабдықпен жаңартудан кейін қайта қолданысқа берілген алтыншы асхана. Шахта асханасында нормалар мен талаптарға сәйкес орындалған жұмыс аумағы 750 шаршы метрді құрады. Енді №73/75 шахтаның еңбеккерлері талғамға сай жабдықталған асханада тамақтанатын болды.

Мамандандырылған жұмыстарды «Ютария LTD» ЖШС-нің білікті қызметкерлері кесте бойынша сапалы және уақтылы орындады. Компания су құбырын, кәріздік жүйелер мен жылыту желілерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізді. Желдету жүйесі монтаждаудан өтті және тамақ дайындауға арналған жаңа жоғары технологиялық жабдықтар орнатылды. Сондай-ақ, асхана ғимаратындағы металл-пластик қалқаларды монтаждау жұмыстары жүзеге асты.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

«Ютария LTD» ЖШС директоры Тұрсынай Ибадатованың айтуынша, жөндеу жұмыстары ҚР заңнамасы талаптарының негізінде тиісті деңгейде, қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын нормалар мен ережелерге сәйкес орындалды.

– «Қазақмыс» корпорациясының өндірістік нысандарындағы асханаларды ағымдық және күрделі жөндеуден өткізу бағдарламасы осымен екінші жыл қатарынан жүзеге асып келеді. «Батыс» кенішінде қайта жаңғырған асхананың жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды.

Бұл «Ютария LTD» ЖШС-нің күшімен жаңғыртылған алтыншы нысан. Тамақтану нысандарының жағдайын жақсарту бойынша 2021-2024 жылдарға арналған «Қазақмыс» инвестициялық бағдарламасы Холдингтің өңірлері бойынша табысты іске асырылуда. Бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асханалар пайдалануға берілді. Сондай нысандардың қатарында №1 Жезқазған байыту фабрикасының №1 асханасы, Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі Қарашошақ шахтасының, «Батыс» кеніші №67 шахтасының, Оңтүстік Жезқазған кеніші №65 шахтасының, Сәтбаев қаласының технологиялық колледжіндегі, тау-кен, шахта зауытының, Қарағанды қаласындағы Пришахтинск автобазасының, Қарағандытүстімет ӨБ «Абыз» кенішінің асханалары мен техникалары толығымен жаңартылып, жабдықталды.

Қазіргі уақытта «Жомарт» кенішінің асханасында, Шығыс Жезқазған кенішінің №55 шахтасында және Балқаш қаласындағы Жөндеу-механикалық зауытының №7 асханасында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Қазақмыс» корпорациясы» басшылығының бағдарлама бойынша қаржыландыруы өңірлердегі және Ұлытау облысындағы Холдингтің өндірістік бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайларын ұйымдастыруға және жақсартуға бағытталған, – деді Тұрсынай Шахмұратқызы.

«Ютария LTD» ЖШС еңбеккерлерінің күшімен жаңғыртылған асханаларға келушілер алғыстарын жаудыруда. Осыған дейін жаңғырту жұмыстары жүзеге асқан асханалардан тамақтанушы еңбеккерлердің ризашылығы толассыз жолдануда.

Сондай жолданған пікірдің бірінде еңбеккерлер: «№55 шахта қызметкерлері «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС және «Ютария LTD» мердігер ұйымының басшылығына біздің кәсіпорынның асханасында жүргізілген жөндеу жұмыстары үшін алғыс білдіреміз. Асхана заманауи үлгіде қайта жаңғыртылып, бұрынғыдан да жайлы бола түсті. Ал, «ULY DALA» ЖШС тамақ комбинатының аспазшылар ұжымы бізді ыстық түскі аспен, дәмді тағамдармен және жаңа піскен кондитерлік өнімдермен қуантады. Біз корпорация басшылығы мен «Ютария LTD» ЖШС-нің ұжымына ризамыз», – деп алғыс айтыпты.

Өндірісті өңірлерде еңбеккерлерге қолайлы жағдай жасау тұрғысында «Қазақмыстың» атқарып жатқан ілкімді жобалары алда да жалғаса бермек.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру