Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Жаңаарқа ауруханасының дәрежесі өсті

05.08.2024
- Әлеумет
0
Жаңаарқа ауруханасының дәрежесі өсті
115
БӨЛІСТІ
319
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық ауруханасы бұдан былай ауданаралық аурухана дәрежесінде жаңаша жұмыс істейтін болады. Ауданаралық дәрежесіне сай жаңғыртылатын және қайта құрылатын еліміздегі 32 аудандық орталық ауруханалардың қатарына Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық ауруханасы енгізілді деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазақстанда ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобада қарастырылған міндеттердің бірі қазіргі заманға сай медициналық жабдықтармен жабдықталған заманауи көпсалалы орталық ауданаралық ауруханалар желісін ұйымдастыру болып табылады. Мұндай ауруханалар бірнеше елді мекендердің, соның ішінде көрші аудандардың халқына да қызмет көрсететін болады. Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық ауруханасы осы деңгейге сай, жаңа дәрежеде жұмыс істеуге лайық деп танылып отыр.

Ұлттық жоба аясында үстіміздегі жылы Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасы жанынан 250 адам қабылдайтын емхана пайдалануға берілген болатын. Қос қабатты жаңартылған ғимараттың аумағы 1500 шаршы метр. Жаңа емханаға 400 млн. теңгеге 20-ға жуық заманға сай медициналық құрылғылар сатып алынды. Емханада сырқаттарды қабылдайтын тіс дәрігері, дерматолог, онколог, невропатолог, көз дәрігері, хирург, эндокринолог және басқа да мамандардың 25-ке жуық кабинеттері жұмыс істейді. Алдағы уақытта халықаралық стандарттарға сай диагностикалық-қабылдау бөлімшесі салынбақшы. Аурухананада стационарлық 10 төсектік инсульт бөлімшесі ашылды. Енді политрамва, реанимация, кардиология бөлімшелерін ашу жоспарланып, қажетті жабдықтар алу көзделуде. Өткен жылы респуликалық бюджеттен бөлінген 547,3 млн. теңге қаржыға және өз қаражаты есебіндегі 3,5 млн. теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынған болатын. Ауруханаға алдағы уақытта республикалық бюджет есебінен 154 млн. теңгеден астам қаржыға медициналық жабдықтар алынатын болады.

Емдеу мекемесіндегі жаңғырту жобасы бойынша жаңа технологиялардың жаппай енгізілуі тұрғындарға өз өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алуға жол ашады. Қазір қызмет көрсету деңгейінің кеңеюіне байланысты аурухананың жаңа штаттық кестесі жасалуда. Жаңа дәреже деңгейінде жұмыс істейтін ауданаралық ауруханада енді инфаркт, инсульт, жарақаттану және басқа да жағдайлар бойынша түскен сырқат адамдарға қалалық, облыстық клиникаларға бармай-ақ, шұғыл әрі толық көлемде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік жасалатын болды.

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу46Твитерге29
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру