Жаңа оқу жылына қарсы № 8 мектеп гимназиясының алдында баскетбол, волейбол, футбол, жүгіру алаңдары бар жаңа спорт алаңы қолдануға берілді. Спорт алаңында, сондай-ақ жаттығу, теннис ойнау алаңдары, демалыс орындықтары қарастырылған. Жөндеу жұмыстары маусымда басталған болатын.
Мердігер ұйым «Самға» ЖШС жоспарға сай жүктелген жұмыстан басқа, қосымша жұмыстарды атқарды. Атқарылған жұмыстарды бақылаған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бастаманың алдағы уақытта өзге де мектептерде жалғасатынын жеткізді. Айта кетейік, аумағы 4200 шаршы метр болатын спорт алаңына көрерменге арналған орындықтар мен жарықшамдар да орнатылды.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.