Жамбыл облысының Шу қаласына іргелес тағы бір кен орны қатарға қосылды. «Жайсаң» деген атау берілген жаңа кеніште қазіргі таңда үңгілеу жұмыстары жүруде.
Бұл жауапты міндетті Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің Қарағанды басқармасына қарасты №26 тау-кен телімінің озат бригадасы атқаруда.
Бөлеген Əділов бастаған бригада үңгілеу жұмыстарын қазіргі күні сәтті бастады. Осындай сəтте еңбеккерлерге күш беріп, демеуден «КəсіпҚорған» кəсподағы тыс қалмады. Қарағанды шахтапроходкалау басқармасындағы «КəсіпҚорған» кəсіподағы комитетінің төрағасы Қарлығаш Жұмағұлова бригадаға заманауи үлгідегі тұрмыстық заттарды алып берді.
Тыңға түрен салған Бөлеген Əділовтің бригадасына сәттілік тілейміз. Кен көбесінен алар олжа мол болсын!