Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа қарағанда Жаңа жыл түнінде облыс бойынша 6 ана аман-есен босанып, 6 сәби дүниеге келді.
Өмірге келген бөбектердің 5-еуі ұл, 1-еуі – қыз. Оның ішінде Жезқазған қаласында 4 сәби (3 ұл, 1 қыз) дүние есігін дін аман ашты.
Жалпы, облыстық көпбейінді аурухана бойынша өткен жылдың 31 желтоқсаны мен үстіміздегі жылдың 3 қаңтары аралығында 24 әйел босандырылған. Олардың бесеуіне кесарь тілігі операциясы жасалған. Аналар мен сәбилердің денсаулықтары жақсы.
Өз тілшіміз.