Егер тиісті министрлік тарапынан рұқсат берілсе, 2026 жылы Жезқазған мен Сәтбаев қаласына қатар қызмет көрсететін жылу-электр орталығының құрылысы басталады. Қаржы құюға әзір инвестор табылып тұр.
Әлихан Смайылов рұқсат болатынын айтып, тек жаңа орталық пайдалануға берілгенше қолда барын жаңғыртуды тапсырды. Себебі, Жезқазған жылу орталығы өткен маусымды әупіріммен өткерді. Бірнеше мәрте апат орын алып, небары екі ғана қазандықпен қалған күндер де болған.
Премьер-министр алдағы жылу маусымында өткендегі қиындықтар қайталанбас үшін қам жасауды, жылу орталығының тұрақты жұмыс істеуі үшін инвестиция салуды тапсырды.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.