Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мереке айшықтары

Жалынды жастарға – қала әкімінің сыйлығы

13.09.2024
- Мереке айшықтары
0
Жалынды жастарға – қала әкімінің сыйлығы
105
БӨЛІСТІ
291
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазғанның 70 жылдығы аясындағы кезекті салтанатты шарада құрмет биігіне қаланың озық ойлы, көшбасшы һәм белсенді жастары көтерілді. Түрлі салада топ жарған үздіктерге қала әкімінің сыйлығы табыс етілді.

Жезқазған қаласы әкімінің жастар сыйлығы байқауының мақсаты – жастарды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өмірге деген белсенділігін арттыру! Биыл байқауға 30 шақты өтініш түскен, алдын ала құрылған комиссия шешімімен 15 номинация бойынша жеңімпаздар қала әкімі сыйлығының иегері атанды.

– Ең алдымен, сүйікті қаламыздың 70 жылдығы құтты болсын! 70 жылдық тарихы бар қаламыз мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді. 2023 жылы алғаш рет жастар сыйлығын тағайындаған болатынбыз. Қаламыздың өркендеуі мен көркеюіне өзіндік үлестерін қосып жүрген жас ұрпақ өкілдерінің еңбектерін көтермелеуге, орынды бағалауға бағытталған бұл шара алда да жалғасын таба береді, – деді жастар сыйлығын тапсыру салтанатында қала басшысы Қайрат Шайжанов.

Жылдың «Жас құтқарушысы», «Жас дәрігері», «Жас спортшысы», «Жас көшбасшысы» сынды 15 аталымдағы үздіктер қала әкімі сыйлығының лауреаты атанып, 500 мың теңгеден ақшалай сыйақы алды. Айта кетейік, «Жылдың жас журналисі» номинациясында «Ұлытау» телеарнасының тілшісі, әріптесіміз Максим Даренский топ жарды. Жастар қауымы бұл сыйлық оларды әрі қарай қанаттандыра түсетіндігін айтты.

– Өз мамандығымды сүйемін. Құтқарушы болып еңбек етіп келе жатқаныма 10 жылдан аса уақыт болды. Қаламыздың жастарын жігерлендіру мақсатында осындай шаралар көп болсын, – деді «Жылдың жас құтқарушысы» аталымының иегері Мағжан Ибайдулла.

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен мәреге жетті. Жезқазғандық жалынды жастардың өңірдің дамуына атсалысуға сақадай сай екенін көріп көңіл марқайды.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу42Твитерге26

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру