Сенбі, 24 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Жайна, Жезқала!

11.03.2024
- Мерей
0
Жайна, Жезқала!
87
БӨЛІСТІ
243
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Туған жер әркімге ыстық, жақын болады ғой. Сондықтан, бұрынғы Жезқазған облысының «Ұлытау» атауымен қайта құрылатынын естігенде, қуанышым қойныма сыймай, жүрегі жарыла қуанған жанның бірі – менмін.

Жезқазған облысының кезінде таратылуы қалай күтпеген жерден болса, қайта құрылуы да, мен үшін аяқ астынан шешілгендей көрінді. Тәуба, өткенімізді оңды-солды қанша жамандасақ та, оның тиімді жақтарын бүгінде мойындап, оларға қайта оралып, келе жатқандаймыз.

Түсті металлургия өнеркәсібінің «Қарашаңырағы» атанған, ұлттың бірегей ғұлама ғалымы Қаныш Имантайұлы Сатбаев еңбек жолын бастаған Қарсақбай кентіндегі орта мектепті бітіріп, бір жыл еңбек етіп, сосын Алматыдан жоғары оқу орнын тәмамдауым Жезқазған облысының құрылуымен тұспа-тұс келді.

Қызметті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында қатардағы маманнан бастап, екі облыстық ауыл шаруашылығы құрылымын басқардым. Содан, Жезқазған облысы тарап, Қарағандыға қосылғанда екі ауданнан (Ақадыр, Шет) біріктірілген Шет ауданына әкім болып бардым. Демек, бұл аймақтың облыс болғандағы және ол мәртебеден айырылған кезеңдердегі жағдайдан біршама хабардармын.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Жезқазған облысы құрылғаннан, тарағанға дейін облыстың бірінші басшылары: Константин Семенович Лосев, Қамза Бижанұлы Жұмабеков, Николай Григорьевич Давыдов, Евгений Георгиевич Ежиков-Бабаханов, Альберт Георгардиевич Саламатин, Шәріпбек Шардарбеков, Қажымұрат Нағыманов, Ерлан Смайылов болды. Бұл орайда, ерекше басшылық – ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы К. Лосевтің, облыстық атқару комитетінің төрағасы Қ. Жұмабековтың, нарыққа өтпелі кезеңде еңбек еткен облыс әкімі Қ. Нағымановтың есімін зор ризашылықпен атағым келеді.

Облыста одақтық дәрежедегі Қ. Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия, Ақшатау кен байыту, Балқаш кен-металлургия, Жәйрем кен-байыту комбинаты, Жезді марганец және Атасу темір кен орны басқармасы толық қуатында табысты қызмет атқарды. Ауыл шаруашылығы саласында 61 мемлекеттік шаруашылық құрлымы (совхоз), үш құс фабрикасы азық-түлік өнімін өндірумен айналысты. Мал саны орта есеппен: қой – 1 200 мың, ірі қара – 110 мың, жылқы – 45 мың, құс – 900 мың, шошқа 1 мың бас болды. Мысалы, ол кезде Жезді ауданының бір ғана Байқоңыр совхозында 100 мың бас қой болды, бүгінде өңірдегі жалпы қой саны бұған жетер ме екен?

Негізінен, бұрынғы Жезқазған облысы аймағында шалғай жайлымдық (отгонное животноводство), әсіресе, жылқы, қой шаруашылығын өркендету арқасында, одақ деңгейінде өте сапалы, өзіндік құны мейлінше төмен мал өнімдері өндірілді. Қазірдің өзінде халық арасында Жезқазған өңірінің мал өнімдері дәмді, нәрлі болып келетіні жиі айтылады. Елімізде лайықты баға иеленіп жүрген асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар да облыстың Ұлытау, Жезді, Жаңаарқа, Шет аудандарында қалыптасты.

Иә, бұл өңір енді қайта түлейтін болып отыр, мәселе бұған дейін біршама ескерусіз, шеттеп қалған мол мүмкіндікті қайта жандандыруда болса керек. Жезқазғанда, облыс әкімдігінен бастап, бұрын облыстық мекемелер пайдаланған ғимараттың көбі азды-көпті іс-шарадан кейін қайта пайдалануға жарамды деп ойлаймын, өндіріс орындары да өздеріне тән қызметін атқара беретіні анық.

Басты мәселе, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуде сияқты. Жасыратыны жоқ, бұл аймақ ауыл шаруашылығы өндірісі, кезінде көш басында боламыз деп, асығыстықпен ауыл реформасында (жекешелендіруде) орын алған көптеген кемістіктің бүгінге дейін зардабын тартып отыр. Не істеу керек, жоғарыда айтылғандай, шалғай жайлымдық мал шаруашылығын дамыту қажеттілік деп есептеймін. Әрине бұл жерде бүгінгі шағын, орта шаруашылық құрлымдарымен бұл маңызды іс-шараны толық игеру мүмкін емес, оны отыз жылдық тәжірибе де дәлелдеді.

Демек, менің көптен айтып жүргенімдей, бос жатқан шалғай жайлымдықтарда мемлекеттік бола ма, мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік негізінде ме, әйтеуір ірі шаруашылық құрлымдарын ұйымдастырудың тиімділігі көп күттірмейді, мұны облыс басшылары ескерсе екен деймін.

Жаңа облыс орталығы Жезқазған қаласының болуы – орайын тапқан орынды шешім. Биыл 70 жылдығын тойлағалы отырған, өндірісі өркендеген, әлеуметтік қуаты әлеуетті, білікті мамандары бар оның келісті келешегіне өзім риясыз сенемін. Жайна, Жезқала!

Кәкімжан САРХАНОВ,
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
ҚР АШҒА академигі,
Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы мен ауылдық
аймақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты
Астана филиалының директоры.

АСТАНА қаласы.

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Жерлесіміз – «Қазақстанның Еңбек Ері»

Жерлесіміз – «Қазақстанның Еңбек Ері»

23.05.2025
Министр «Қазақмыстың» еңбек жағдайымен танысты

Министр «Қазақмыстың» еңбек жағдайымен танысты

23.05.2025
Ұлытау облысы бизнесті дамытуда көшбасында

Ұлытау облысы бизнесті дамытуда көшбасында

23.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру