Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпірге айналған кәсіподақ ұйымының қызметі еңбек адамының құқтары мен мүдделерін қорғаудан бөлек, әлеуметтік мәселелеріне де баса назар аударады.
Тау-кен, металлургия және аралас өндірісте қанатын кеңге жайған «КәсіпҚорған» кәсіподағы жоғарыда атп өткен басымдықтарға мән беріп, өндірістік алңдарда филиалдардың жұмысын жүйелі түрде жолға қоя білді.
«КәсіпҚорған» кәсіподағы өз кезегінде ірі кен өндіруші компаниялардағы еңбек адамының қорғаушысы ретіндегі басты қызметін қолға алған 10 жыл ішінде халықаралықонфедерациялармен, республикалық деңгейдегі кәсіподақтар федерациясымен ынтымақтастықта жұмыс атқаруда.
Кәсіподаққа қарасты әрбір филиалдың белгіленген стратгеиялық бағыт-бағдары қалыптасқан. Міне, сондай ірлегі ұйымның бірі кәсіподақтың Балқаш өңіріндегі филиалы. «КәсіпҚорған» кәсіподағының Балқаш филиалы құрылған алғашқы күннен бастап өңірдегі ірі мыс балқытушы өндіріс ошағындағы, байыту фабрикасы мен қосалқы кәсіпорындардың жұмысшыларын қатарға тарта отырып, олардың мүдделеріне сай жұмыс жасап келеді.
Ұзақ жыл филиалға кәсіподақтың ардагері Григорий Ахрименя төрағалық етті. Григорий Евгеньевич 40 жылдан аса Балқаш өңірінде кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлес қосты. Оның бастамасымен филиалға қарасты бастауыш кәсіподақ комитеттерінде еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар өз деңгейінде жүзеге асты.
Бүгінгі таңда филиалда 8697 кәсіподақ мүшесі бар. Балқаш өндіріс алаңында жалпы жұмыскерлер саны 9433 адамды құрайды. Филиалдың өндірістік алаңдарда 24 бастауыш кәсіподақ комитеттері бар. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар саны – 51. Ай сайын жоспар, кесте бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Балқаш өңіріне арнайы сапарым барысында филиалдың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатынмын. Бүгінгі таңда филиалға Бақтияр Сүлейменов төрағалық етіп отыр. Бақтияр Жанатұлы төрағалыққа сайлау жүйесі арқылы көпшіліктің қолдауымен осы қызметтің тізгінін қолға алыпты. Бақтияр Сүлейменов кәсіподақтың қазанында қайнап, шыңдалған азамат. Өндірістің де тілін таба білген майталман. Ол төрағалыққа дейін инженер-механик мамандығы бойынша да кәсіподақ саласында да тәжірибе мектебінде шыңдалған. Филиалдың еңбекті қорғау және еңбек қатынастары жқніндегі аға инспекторы қызметін атқарған Бақтияр Жанатұлының бастамашыл идеяларының арқасында филиал жаңа бағытқа бет алып отыр.
– Балқаш филиалы кәсіподақ жұмысын ілгері бастыру жолында өзінің алдына қойған мақсат-міндетіне сай жұмыс жасап келеді. Кәсіподақ қызметінің құзіретіне кіретін бағыттарды жүзеге асыруда біз тәжірибемізді еңбек адамының мүддесіне бағыттап келеміз. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дәнекер ретінде филиал жұмыс орындарының қауіпсіз болуына, еңбеккердің әлеуметтік мәселелерінің оң шемін табуына ықпал етудеміз. Құқықтары бұзылған жағдайда бастауыш ұйымдардағы комитет төрағалары жүмыс беруші тараппен мәмілеге келу арқылы мәселені оңтайлы шешуге барынша күш салуда. Сауықтыру, денсаулықтарын нығайтуда да жұмысшылар үшін «КәсіпҚорған» кәсіподағының Балқаш филиалы жүйелі жұмыстармен көзге түсе білуде.
Еңбеккерлерді ынталандыру, қайырмыдылық шараларына қолдау көрсету сынды шаралар өз деңгейінде жүзеге асуда. Біздің негізгі мақсатымыз – еңбек адамына лайықты жағдай жасау, – дейді Бақтияр Жанатұлы.
Бүгігнгі таңда «КәсіпҚорған» кәсіподағының Балқаш филиалы іргелі істермен көшбастап тұр.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.
Балқаш.
Суреттерде: Филиал төрағасы Бақтияр Сүлейменов.
Филиал ұжымы.