2023 жылғы 24-25 наурызда Жезқазған қаласындағы Қ. Шыңғысов атындағы №5 мектепқабырғасында 8-10-сынып оқушыларына арналған «Scientific discovery that can improve the ecology of my native plac» («Менің туған қаламның экологиясын жақсартатын ғылыми жаңалық») деп аталатын мектеп оқушыларының ғылыми жобалары байқауының финалдық кезеңі өтті.
Байқау «The Ulytau Educational Foundation» («Ұлытау» білім беру қайырымдылық қоры) «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығы жүзеге асыратын жоба аясында өтті. Оқушылардың жұмыстары ағылшын тілінде орындалды және «Қазақмыс» корпорациясының құрылымдары жұмыс жасайтын өңірдің, атап айтқанда, Ұлытау облысының қалалары мен ауылдарының, сондай-ақ Балқаш қаласының оқушылары қатысып, ондағы экологиялық проблемаларды ғылыми жобаларына арқау етті. Байқауға қатысқан барлық ғылыми жұмыстар қазақстандық және канадалық жоғары оқу орындарының, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясының өкілдерінен тұратын қазылар алқасының сүзгісінен өтті. Оқушылардың ғылыми жұмысына баға берген қазылар алқасының құрамында техника ғылымдарының докторы, Алматы Менеджмент университетінің «мемлекеттіксаясатжәнеқұқық» кафедрасының профессоры Анар Колушпаева, жаһандық қатынастар, экономика және бизнес саласындағы менеджмент магистрі, Foundation бағдарламасының директоры, Алматы қаласындағы Халық шаруашылығы университеті тұрақты даму кафедрасының аға оқытушысы Мағжан Советбек, биология ғылымдарыныңдокторы, Астана қаласындағы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг кафедрасының меңгерушісі Райхан Бейсенова, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас маманы Серік Әбенов, Халықаралық Канада мектебінің директоры Брюс Девисболды.
Аталмыш ғылыми жоба байқауы негізінен үш кезеңде өтті. Бірінші тестілеу кезеңіне қатысуүшін 32 мектептен тұратын топ тіркелді, оқушылардың ағылшын тілін білу деңгейі тексерілді. Тестілеуге 23-28 қыркүйекаралығында 287 оқушы қатысты, оның ішінде Жезқазған қаласынан –110 бала, Сәтбаев қаласынан – 75 бала, Балқаш қаласынан – 55 оқушы және Ұлытау ауданынан – 47 оқушы.
Тестен 2-кезеңге 24 топ өтіп, қарашадан 28 ақпанға дейін оқушылар ғылыми жобалар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша финалға 11 үздік ғылыми жоба жіберілді.
Бірінші күні, 24 наурызда, қазылар алқасының алдында жобалар ағылшын тілінде қорғалды. Баяндаманың мазмұны да, оның тұсаукесері де, сөйлеушілердің ағылшын тілінде сөйлеу сапасы да бағаланды. Екінші күні, 25 наурызда, байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Үздіктерді марапаттау салтанатына Ұлытау облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали, Ұлытауоблысы білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы білім беру және тәрбие бөлімінің бастығы Самат Жұмабеков, Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Берік Ақышбеков қатысты.
Аймақтардың экологиялық ахуалын зерттеп, оны жақсартудың жолын жүзеге асыруды ғылыми негіздермен және ағылшын тілінде дәлелдеп шыққан жас ғалымдар тобы байқау бастау алған сәттен бастап ізденіс жұмыстарын жүргізген.
Байқау қорытындысына сәйкес, тақырыпты зерттеумен қатар тіл меңгерудегі ізденістері үшін бірінші орынды Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы № 4 мектеп-лицейінің командасы жеңіпалды. Аталмыш білім ошағының жас ғалымдар тобыҰлыбританияғаоқу мен туризмді біріктіретін екі апталық сапарға жолдамамен марапатталды. Балқаш қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейдің командасы екінші орынға тағайындалған «Canada House» базасында білім беру және ойын-сауық бағдарламасы бойынша бір аптаға Астана қаласындағы канадалық Халықаралық мектепке (халықаралық Канада мектебі) сапарды жеңіп алды. Үшінші орынды Жезқазған қаласындағы № 8 гимназия иеленді, оның командасы бағалы сыйлықпен, дронмен марапатталды.
Сонымен қатар, номинациялар бойынша марапаттар да тағайындалды.
«Thebest presentations kills» (Үздік презентация дағдылары) номинациясын Сәтбаев қаласындағы Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы иеленсе, Жезқазған қаласындағы № 1 мектеп оқушылары «Thebest English» (Үздік ағылшын тілі) аталымыналайықдептанылды. Ұлытау ауданының № 1 тірек мектебі «Thebest ecological project» (Үздік экологиялық жоба) номинациясымен марапатталды. Балқаш қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы № 15 мектеп-лицейіне «Thebest resear chwork» («Үздік зерттеу жұмысы») номинациясы бұйырды. Номинация бойынша үздік шыққан топтар «Ustaz ulytau» атауы бар сөмкелер мен кітаптарға ие болды.
Жаһандану дәуірінде экология мәселесі көптеген елдерді алаңдатып отырғаны жасырын емес. Соның ішінде өндірістік алаңдарда табиғатты жақсартып, ондағы халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған зерттеулер бүгінгі таңда еліміздің жас ғалымдары тарапынан зерттеліп, зерделеніп жатса, қуантарлық жайт емесп е? Бұл орайда «The Ulytau Educational Foundation» («Ұлытау» білім беру қайырымдылық қорының) «UstazUlytau» педагогикалық трансформация орталығы «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен ауқымды шараларды жүзеге асырып келеді.
Айта кетейік, «Ulytau» қайырымдылық қоры Қазақстанда 2021 жылдың қыркүйегінде құрылған. Ол Қазақстанның, атап айтқанда, жекелеген өңірлерде білім беру жүйесін дамытудағы ең күрделі аспектілерді зерттеп, зерделеуші ұйым болып табылады.
Қор өз жобалары шеңберінде тез өзгеріп отыратын жаһандық нақты ахуалды және еңбек нарығын ескере отырып, білімберудің жаңа этикасын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Кешенді тәсіл мен озық көзқарастың арқасында түлектерді нақты әлемге, оның мүмкіндіктері мен тәуекелдеріне бейімдеуге қабілетті модель қалыптастырды.
Қор жұмысы әр баланың бірегейлігі мен дарынына сенім арта отырып, олардың болашақ мамандығын таңдау үшін бағыт-бағдар бере отырып, әрбір жобаны жеке даму және мансаптық перспективалар контексінде үздік халықаралық білім беру бағдарламаларын интеграциялауға бағытталған.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.