Бейсенбі, 5 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Газет таратудың да өз машақаты бар

«Қазпошта» бұл мәселені қалай шешпек?

27.01.2023
- Көкейкесті
0
Газет таратудың да өз машақаты бар
100
БӨЛІСТІ
278
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ағартушы ғалым, қазақ әліппесінің негізін салған Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп бекер айтпаса керек. Еліміздегі және әлемдегі жаңалықтарды қалың оқырманға жеткізуші бірден-бірқұралретінде газеттің орнын Ахмет Байтұрсынұлы осы сөзімен-ақ дәлелдеп тұр.

Жаңа дәуірде «газетке деген сұраныс төмендеді, қызығушылық жоқ» деген сыңаржақ пікірлердің де туындап жатқаны жасырын емес. Әріге бармай-ақ қоялық, Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін ашқан сонау өткен ғасырдан бергі бір ғасырдан аса уақытта ана тіліміздегі газеттердің беделі де, оның оқырманы да азайған емес. Азаймайды да. Біздің базына ретінде алға тартқалы отырғанымыз газеттердің мерзімінде оқырманға жетпей қалу мәселесі. Соңғы жылдарда «Мысты өңір» газетін Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы оқырманға жеткізу үшін осы саланың қыр-сырын біледі деген зейнет жасына жеткен немесе сол жасқа таяп қалған кісілер тасыды. Алайда олардың бұл ісін жалғап әкететіндей жастар болмады.

Редакция басшылығы сондықтан биылғы жылдың қаңтар айынан бастап қос қаланың алшақ деген аумақтары мен бірқатар көшелерін келісім-шарт негізінде «Қазпошта» қызметіне тапсырған болатын. Әсіресе, жеке тұрғын үйс

Секторларындағы оқырмандар үшін пошта қызметіне иек арттық. Алайда, «Қазпоштада» да маман тапшылығы сезілуде. Бұл мәселемен «Қазпошта» АҚ Жезқазған бөлімшесінің маманы Зина Шымкентбайқызына хабарласқанымызда төмендегідей жауап алдық.

Сондай-ақ оқыңыз

Қымызың қайда, қазақ?..

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

04.04.2025

«Поштаның бөлімшесінде газетті тарату және тасу бөлімінде пошташылардың тапшылығы бары шындық. Бұл түйткілді шешу үшін жан-жаққа хабарландыру да бердік. Алайда, мәселе әлі толық күн тәртібінен түспей тұр. Қазіргі таңда бір пошташы екі учаскені бірдей алып жүруге мәжбүр. Соның салдарынан газет жеткізу мерзімінен кешігіп баруда.

Бұл әрине уақытша туындаған жағдай. Алда біз бұл мәселемен жұмыс жасаймыз. «Мысты өңір» газеті аймақтағы таралымы жағынан көп басылым екені баршаға аян. 91-орам, «Экспедиция» сынды елдімекендердегі газет оқырмандарына жеткізу үшін қазір жұмысқа тұруға ниетті тәжірибе жинақтаушылар жұмысжасауда. Сондықтан мыстыөңірлік оқырмандарға шыдамдылық танытып, қалыптасқан жағдайға сабырлықпен қарауды сұраймыз. Егер газет уақытында пошта тарапынан жеткізілмесе, 8771 088 19 53 қызметтік нөміріне сағат 9:00-ден 18:00 аралығында қоңырау шалуға болады».

Біз сөзеткен Жезқазғандағы пошта тасымалдаушылар тапшылығы Сәтбаев қаласындағы бөлімшеде де бар. Таратылым ауқымы кең жер үйлермен қатарлас көп қабатты үйлерге әзірге бір ғана пошташы қызмет көрсетуде. Бұл, әрине, газеттің өз уақытында оқырманға жетуіне кері әсер тигізетіні рас. «Қазпошта» АҚ Жезқазған бөлімшесі алда бұл мәселелерді реет кекелтіріп, оқырман мен газет редакциясының арасында алтын көпірге айналады деп сенеміз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Құрметті оқырман!

Егер Жезқазған, Сәтбаев қалалары бойынша газет кешіктіріліп, дер кезінде жетпеген жағдайы болса, «Қазпоштаның» 8771 088 19 53 қызметтік нөміріне дүйсенбі-сенбі күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін немесе 8708 408 22 08 нөміріне хабарласуға болады.

 

 

Бөлісу40Твитерге25
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру