Сәрсенбі, 4 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Фестиваль талантты балалардың талабын қайрады

03.05.2024
- Бәрекелді!
0
Фестиваль талантты балалардың талабын қайрады
89
БӨЛІСТІ
248
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мысты шаһардың 70 жылдығы аясында талантты балаларды қолдау мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Өнер-fest»» байқауы мәреге жетті.

Халықтар достығы мен мәдениеті үйін екі күн бойы талантты балаларға толтырған байқаудың екінші күні вокал және хореграфия конкурстары өткізілді. Вокал жанры бойынша алдын ала іріктеу кезеңінде 29 үміткер бақ сынаса, конкурстың ақтық сынына өткен 14 үміткер өзара мықтыны анықтады.

Әділ-қазы алқаларының шешіміне сәйкес Бас жүлдені Жезқазған қаласы «Қарақат» мектеп студиясының өнерпазы Әбіләшім Ердос жеңіп алды. Жүлделі І орын Жезқазған қаласы Балалар өнер мектебінің шәкірті Өміржан Қай-
руллаұлының қанжығасына байланды.

Сонымен қатар конкурсқа шәкірт дайындап, іс-шараға белсене қатысқаны үшін дарынды жастардың жетекшілері ескерусіз қалмай, алғыс хатпен марапатталды. «Өнер-fest» фестивалі мың бұрала билеген бишілердің сайысы хореография жанрындағы конкурспен қортындыланды. Аталған бағыт бойынша іріктеуден іркілмей өткен 15 өнер ұжымы өз өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Бишілердің шеберлігін бағалаған қазылар алқасының құрамында да кіл мықтылардан жасақталды. Сазды әуенге ілесіп, ырғақ құдіретіне елітіп, сырлы қимыл мен сиқырлы қозғалыс жарасым тапқан доданың деңгейі жоғары болды. Конкурс нәтижесінде «Диндалле» корей халықтық би ансамблі Бас жүлдеге лайық деп танылды. Үздік атанған би ұжымдарына маусым айында Алматы қаласында өтетін Халықаралық жобаға жолдама берілді. Осылайша екі күн бойы Жезқазған аспанын ән мен би тербеп, таланатты балалардың талабы қайралды.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру