Сотталушы Тамара, жасы 24-те, ажырасқан, жалғызжасбаласы бар, арнаулы орта білімді, еш жерде жұмыс істемейді, бұрын істі болмаған, ірі мөлшердегі есірткі заттарын бірнеше реет иемдену, сақтау жән еоларды өткізу іс-әрекеттерімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпталып, сотқа берілді.
Сотталушы Тамара солкүніөзпәтеріндетүскі 12-лердің шамасында бір-ақ оянды. Түнде қонақтар болып, кеш жатқан еді. Досы Михаил келіншегі мен қызы, Тамара ұлымен барлығы бірге болған. Таңертеңгілік пәтер иесі ұйықтап жатқанда Михаил алдын-ала жасалған келісім бойынша оның «Тoyota RAV4» маркалы машинасымен әйелі мен қызын ұшаққа шығарып салып, қайтып келеді. Тамара көлігін досына бұрында да жүргізуге бере беретін. Бірақ оның атына сақтандыру полисін тіркеткен емес. Бұл автомашина өзінікі де емес. Оны бұрынғы некесіз бірге тұрған Андрей сыйға тартқан.
Тамара жеке басының шаруасымен бір жаққа баруы керек болғандықтан Михаилға ұлымен бірге отыра тұруды өтінеді. 30-40 минут шамасында оралатынын айтады. Бірақ Тамара сол кеткеннен кешке бір-ақ оралды. Өзінің айтуы бойынша, келіншек өзінің және бір бұрынғы некесіз бірге тұрған Егормен кездесіп қалып, сонымен кафеде тамақтанып отырып қалыпты. Михаил оны шыдамсыздана күтіп, бірнеше рет телефон шалғанда «әне келемін, міне келе жатырмын» деп алдаусыратып бағыпты.
Не керек, кешкі 19.00 шамасында Тамара Михаилге телефон шалып, ұлымен екеуінің есік алдына шыға беруін өтінеді. Ондағы ойы досын үйіне жеткізіп салу болатын.
Тамара өз үйіне жақындай бергенде кіре беріс алдында ұлымен Михаил тұрғанын, олардың жанындағы бір ер адам мен екі қызды көреді. Сөйтсе ол ер адам полиция қызметкері екен. Жалғыз ол ғана емес екен. Тамара келіп тоқтасымен жан-жағынан бірнешеуі жетіп келіп, оны ұстайды. Екі қыз тергеу іс-әрекеттерін жүргізу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін куәландыру үшін тартқан адамдары екен.
Олар алдымен Тамараның өзін тінтті. Оның әйел сөмкесінен өзі пайдалану үшін интернет-дүкеннен сатып алған психотроптық зат салынған қалташанытапты. Олар сосын автокөлік ішін тінте бастады. Одан психотроптық заты бар түйіншекті тауып алды.
Сосын барлығы Тамараның пәтеріне келіп кірді. Пәтерді тінткенде алдымен ванна бөлмесінен есірткі шөптер салынған қалтаны тапты. Ол-ол ма, полиция қызметкерлері пәтердің дәлізін, ас үй мен жатын бөлмені тінту кезінде көп мөлшердегі психотроптық заттарды тығып қойған жерінен алып шықты. Тамара бұл тығылған заттарды досы Михаил мен бұрынғы көңілдес іАндрейдікі, енді
біреулерін өзімен некесіз бірге тұрған Егор мен бұрынғы ажырасқан күйеуі Владимирдікі болуы керек деген уәж айтып, аттонын ала қашты.
Алайда сот отырысында Тамараның бұл айтқаны қылмыстан жалтару екені дәлелденді. Куәгер ретінде жауап берген оның бұрынғы күйеуі Владимир ағынан жарылып, бар шындықты жайып салды. Ол өздерінің ерлі-зайыптылық өмірлері бар болғаны жарты-ақ жылға созылғанын айтты. Әйтсе де ажырасқаннан кейінде олар сыйластықтарын үзбепті. Орталарында жалғыз бала болыпты.
Владимирдің айтуынша, бірде Таразға бара жатқанында Тамара оны вокзалға әкеп салады. Сол жолы әңгіме барысында келіншек қазіргі азаматтық некедегі Андрейді Алматыда синтетикалық есірткі құралдарын тасымалдау сәтінде ұсталғанын сөз етеді. Анық білетіні, оны қаржымен Андрей қамтамасыз ететін.
Владимир бұдан бір жылдай бұрын ұлын көруге барады. Бір шиша вино ала барады, оны Тамара екеуі бөліп ішеді. Тамара бір сәтте балкон ғашығады. Сәлден соң оның артынан барса, келіншек синтетикалық есірткі затын темекі тұрғысында тартып тұрғанының үстінен түседі. Владимир де барып оған қосылады да екеулеп тартады. Сол күні сонда қонып қалады.
Тамара таңертеңгілік әлде бір шаруасымен кеткенде Владимир баласымен қалады. Ол есірткіге де құмарлықпен пәтер ішінен іздей бастайды. Ақыры жатын бөлмедегі шкафтың суырмасынан іздегенін табады. Емделіп, есірткіні қойып кетіпеді, не керек, бұрынғы ажырасқан әйеліне қонаққа келем деп қайтадан бұзылды. Сөйтіп Владимир сол пәтерде бір апта бойы жатып алады. Құмарын қандыратын шөптерді сол пәтерден іздеп тауып алып жүрді. Ол бұрын Тамараның есірткіге әуес болмағанын, оның барлығын бұл пәтерге азаматтық некедегі Андрейдің әкелетінін, ал Тамара оны өзгелерге сататынын өз көзімен көргенін баяндады.
Тамара ұсталғаннан бері баласы оның апасының үйінде екенін, ал ол соттала қалған жағдайда баласын өз қолына алатынын да айтып қалды.
Сот отырысында жауап берген оның азаматтық некеде болған бұрынғы көңілдестері Андрей мен Егор Тамараның жүріс-тұрысынан толық хабар берді. Оның бәрін қазбалап қайтейік, бір сөзбен айтқанда, есірткіге елтіген бикеш ар-ұяттан жұрдай болған.
Қылмыстық істі қараған Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Тамараның айыбы толықтай дәлелденді деп тапты. Сот қылмыскерге 10 жылға бас бостандығынан айыруға, бұл мерзімді қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге үкім етті. Сондай-ақ Тамараны нашақорлықтан емдеуге мұқтаж деп танып, бас бостандығынан айыруды өтеу орындарында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын оған қолдануды белгіледі.
Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ.