Сейсенбі, 20 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Еңбектеріне – құрмет

29.12.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
Еңбектеріне – құрмет
114
БӨЛІСТІ
317
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған мыс қорыту зауытында жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті. «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы ұйытқы болған шараға зауыт директоры Саят Әтен қатысты.

Жиында 22 желтоқсанда кәсіби мерекелерін атап өткен энергетиктерге құрмет көрсетілді. Зауыт басшысы Саят Абутахирұлы жылдың қорытындысы бойынша үздік көрсеткішке жеткен бес бірдей зауыт еңбеккерін үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттады. Олардың қатарында күкірт қышқылы цехының аппаратшысы Гүлдана Қожасова, күкірт қышқылы цехының электромонтері Эрнст Васильев, мысты электролиздеу цехының еңбеккері Қайырбек Балабиев, Нұрлан Досжанов шихта дайындау цехының шихташысы, балқыту цехының балқытушы Бағдат Сазанбаев бар.

Жиында кәсіподақтың арнайы тағайындалған «Кәсіподақтың Құрметті қайраткері» және «Еңбек озаты» төсбелгілері табысталды. Зауыт еңбеккерлеріне бас инженер Ермұрат Әбуов пен бас энергетик Кеңес Аймақашов әріптестеріне ақжарма тілектерін арнап, марапат тапсырды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ардақ Ақылбекова кәсіподақтың белсенді мүшелеріне сый-құрмет көрсетті.

Салтанатты жиында ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие болғандардың бірі – Қайырбек Балабиев «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС және зауыт басшылығына, кәсіподақ төрағаларына алғысын білдірді.

– Металлургия саласындағы еңбегімді елеп, осындай марапатқа ұсынып жатыр. Жыл айрығында бұл төсбелгі мен үшін ерекше қуаныш болды. Жылдар бойғы еңбегіңнің жемісін көру – абырой. Осы марапатқа лайықты деп тапқан басшылыққа, кәсіподаққа айтар алғысым шексіз. Келер Ұлу жылы да ұжымымыз үшін табысты болсын, – деп тілегін де арнады Қайырбек Жолдасбекұлы.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ

Бөлісу46Твитерге29

Көп қаралған

  • Түріктер тәжірибе алмасуға келді

    Түріктер тәжірибе алмасуға келді

    138 бөлісті
    Бөлісу 55 Твитерге 35
  • Қала келбеті жаңарып келеді: Жезқазғандағы негізгі жобалар

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі

    73 бөлісті
    Бөлісу 29 Твитерге 18
  • Ардагерлермен кездесу өтті

    89 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 22
  • Еңбектеріне – құрмет

    114 бөлісті
    Бөлісу 46 Твитерге 29
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру