Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Еңбекпен келген құрмет

29.07.2022
- Мерей
0
Еңбекпен келген құрмет
76
БӨЛІСТІ
212
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Гулам Шамшидинұлы Камирдинов Қазақстандағы жетекші техникалық оқу орны – Қазақ Ұлттық техникалық университеттің түлегі. Ол университет қабырғасында жүріп-ақ еңбекке араласты. Теориялық білімін Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында, Новокузнецк алюминий зауыты мен Норильск никель зауытында тәжірибе жүзінде пайдалана білді.

Жас та болса болашағынан зор үміт күттіретін маман, металлургия ісінің қыр-сырына қанық Гулам Камирдинов тағдырдың жазуымен Балқаш тау-кен металлургия комбинатына жолдама алады. Соның ішінде жолы болып зауыттың жүрегі – МБЦ балқыту учаскесіне түседі. Өмірге берілген бақыттың кілті десе де болғандай.

– Біз, жеті инженер-металлург Балқашқа жолдама алдық. Уақыт өте келе көпшілігі басқа кәсіпорындарға ауысып кетті, кейбірі туған өлкелеріне оралды. Бірақ олардың қай-қайсысы да өмірдегі ерлерге ғана тән мамандық – металлург кәсібінің иесі болғанын іштей мақтан тұтатын, – дейді Гулам Шамшидинұлы.

Ол кезде цехта металлургия өндірісі технологиясын жақсы білетін сауатты мамандар еңбек ететін. Гулам Камирдинов солардан үлгі алды, кәсіби мамандармен иық теңестіруге тырысты.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

– Мыс балқыту цехына бірнеше жыл бойы Тұрсымбек Қалиев ақсақалымыз жетекшілік етті. Ол мен үшін қымбат жандардың біріне айналды. Көрегендігіне, рухының мықтылығына ел басына күн туған 90-шы жылдары әбден көзім жетті. Ол кезде цех қана емес, кәсіпорын түгелге дерлік жабылу алдында тұрды. Шикізат жоқ, тұрақтылық пен жалақы туралы айтудың өзі артық еді. Мамандардың көбі нәпақа іздеп тентіреп кетті. Мен ол кісінің орынбасары едім.

Бір күні Тұрсекең шақырып алып: «Гулам! Қазір көбісі цехтан кетіп жатыр. Бізден басқа жұмыс істейтін жан қалмады. Қалай болғанда да біз цехтытастап кетпеуіміз керек. Айналамызда болып жатқанның бәрі – уақытша ғана нәрселер, жақсы күндер әлі-ақ туады…», – деді әкелік қамқорлықпен. Ақсақалдың сөзіне имандай ұйыдым, цехта қалдым.

Өндіріс тоқтап қалмас үшін барымызды салдық. Тіпті, қазір мыс балқытылатын конвертерлерден де ЖЭО арнап сөндірілмеген әк алатынбыз. Сол жылдары өндірісті бағытынан тайдырмай ұстап, нарық экономикасының рельсіне нық тұрғызған мамандар мақтау мен құрметтің қай-қайсысына да лайық, – дейді Гулам Шамшидинұлы.

Гулам аға «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС қарасты Балқаш мыс балқыту зауытының көптеген учаскелері мен цехтарын жаңғыртуға орасан зор үлес қосты. Бірақ ол үшін ең бастысы – Ванюков пештерінің қалпына келтіріліп, өндірістік пайдалануға берілуі, автогенді балқыту технологиясының жетілдірілуінен артық жетістік жоқ.

Гулам Камирдинов өндірістік карьераның барлық сатыларынан өткен адам. Еңбек жолын мыс балқыту цехының балқытушысынан бастаған ол өнеркәсіп ошағындағы маңызды қызмет – «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС техникалық директоры атанды.

Гулам Шамшидинұлы Балқашта 40 шақты жыл өмір сүрді. Қазіргі таңда ол металлургия саласындағы тәжірибесі мол, сауатты әрі жетекші мамандардың бірі. Гулам Камирдинов 12-ден астам ғылыми жұмыстың, 7 өнертабыс туындысы мен ұсыныс авторы. Ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Еңбек даңқы» салалық төсбелгісінің толы қиегері. Гулам аға туған қаласы Балқаштың өміріне де белсенді түрде атсалысып келеді. VI шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаты ретінде шаһардың дамуына зор үлес қосты. Металлургтер мерекесінде «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС ұжымы Гулам Камирдиновті «Құрметті металлург» жоғары атағына лайықты деп тапты.

Ләззат Смағұлова.

Балқаш.

 

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру