Жаңа жылдық сауалнама
‣ Өткен жыл несімен есте қалды?
‣ Жаңа жылдан не күтесіз?
Қуаныш Тұрысбаев,
Балқаш мыс балқытузауытының
түсті металл және балқыма құюшысы.
Сары мыс сапырған Балқаш өңірінде металлург мамандығының мәртебесі биік. Шағын қаланың «жүрегіне» айналған зауытта біз ел экономикасына дәнекер болатын өндірісті өрге бастырып келеміз.
Биылғы жыл Балқаш мыс балқыту зауытының мыс балқыту цехы үшін нәтижелі болды деп толық айта аламын. Ұжым сапалы өнім беру жоспарын кестеге сай орындап, табысқа жетіп отыр. Цехта түсті металл және балқыма құюшы болып еңбек еткеніме 27 жыл болыпты. 1995 жылы басталған еңбек жолымда түрлі марапаттарға ие болдым. 2016 жылы үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақсам, биыл екінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие болдым.
Бұл, әрине, адал еңбегім мен өз кәсібіме деген жауапкершіліктің арқасы. Анод бөлімшесінде технологиялық ауысым бригадирі бола жүріп, цехтың үздіксіз жұмыс жасауына, сонымен қоса, өндіріске келген жастарға тәлімгер болып, оларды үдеріске машықтандырғаныма берілген зор баға деп білемін. Адам адал еңбектегі жетістігімен ортасына сыйлы болады. Сондықтан биылғы жыл мені еңбекте жетістікке жетеледі. Менің беделім мен абыройымды көтерген «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС басшылығы мен Балқаш мыс балқыту зауытының әкімшілігіне, «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетіне айтар алғысы мшексіз.
Өтіп бара жатқан жылға өкпе жоқ, келер жылдан күтер үміт көп. Сондықтан Қоян жылы біздің металлургтер үшін мерейлі жыл болатынына сенемін!