Жұма, 23 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

«Еңбек даңқы» адал еңбегімнің бағасы»

Мәртебе

25.11.2022
- Мерей
0
«Еңбек даңқы» адал еңбегімнің бағасы»
125
БӨЛІСТІ
347
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ел дамуына үлес болып тиетін әрбір адамның еңбегінің бағаланып, абыройға кенелуі оның өз жұмысына деген ынтасын арттырып, еңбекке құлшындыратыны даусыз. Мен сөз еткелі отырған мақала кейіпкері қарапайымдылығымен қатар өз кәсібінде майталман атанған жан. Балқаш өңіріне жол түскен кезекті сапарымда 25 қазан – Республика күнінде Ақордадан арнайы шақырту алып, Мемлекет басшысының қолынан үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алған Нұрғазы ҚАСЫМБЕКОВПЕН жүздесудің сәті түсті.

Нұрғазы Қасымбеков Балқаш жөндеу-механикалық зауытының №1 механикалық цехында темір жонушы болып еңбек етеді. Бұл зауытқа 1982 жылы жүмысқа орналасқан Нұрғазы Қасымбеков 40 жыл бір ұжымда табан аудармастан шеберлігімен танылып келеді. Байсалды да қарапайым Нұрғазы ағамен тілдескенімде: «Мен мұндай орден күткен жоқпын. «Еңбек даңқы» ордені адал еңбегімнің бағасы деп білемін», – деп қуанышын жасыра алмады. Нұрғазы Қасымбеков Ақтоғай ауданының Шаманбай ауылында дүниеге келген. 8-сыныпты аяқтаған соң Балқаштағы сол кездердегі №20 кәсіптік училищеде білім алады. Екі жыл әскери міндетін орындап келген соң еңбекке араласады. Темірден түйін түюдің қыр-сырын жас маманға Николай Козеников үйретіп, кәсібіне баулыды. Жұмысқа деген ептілігінің арқасында Нұрғазы Қасымбеков көп ұзамай көзге түсе бастады. Бригада жетекшісі болды. – Біздің атқаратын негізгі жұмысымыз «Қазақмыс» корпорациясының Балқаш өңірінде орналасқан өндіріс ошақтарына тапсырыспен бөлшектер дайындау. Мұнда механикалық цехтың алар орны ерекше. Цехта еңбек еткен 40 жыл ішінде қолдан өтпеген бөлшектер жоқтың қасы деп айта аламын. Мына тұрған станоктарда керек бөлшекті дәлдікпен өлшеу үшін ең әуелі есеп-қисапты білу маңызды. Мені осы кәсіпке баулыған тәлімгерім Николай Козеников: «Әрбір атқарған жұмысқа жанашырлықпен қарау керек. Әйтпесе жасалған жұмыс зая кетеді» деп үнемі айтатын. Осы қағиданы мен де берік ұстандым. Кейін тәлімгерлікке жеткенде мен де осы қағидамен жұмыс істеуге жастарды дағдыландырдым. Ұжымымыз береке-бірлігі жарасты шағын отбасындай. Өзіммен бірге ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан ауысым шебері Бауыржан Мұхамедиев, аға шебер Елена Леонова сынды майталмандар жастарға үлгі болуда», – дейді Нұрғазы Қасымбеков. Мақала кейіпкері 40 жыл еңбек жолында шәкірт тәрбиелеп, өнегелі мектеп қалыптастырды. Нұрғазы Қасымбеков бүгінгі таңда Дулат Теміров, Қадыр Бидайбеков, Еркебұлан Жүнісов, Влад Димель сынды жастарды тәрбиеледі. Нұрғазы еңбек адамы ретінде өз ұрпағына да өнеге бола білді. Оның жолын жалғаған Шалқары өзімен бірге бір цехта еңбек етсе, Арманы Балқаш мыс балқыту зауытында мысты электролиздеу цехында катодшы. Шалқар әке өнегесін өзіне үлгі тұта отырып, бүгінде ол да алғашқы табыстарына қол жеткізуде. Өндіріс саласындағы 40 жылдық еңбегіне мемлекеттік марапат алған Нұрғазы Қасымбеков тектілік дейтін асыл қасиетті ұрпағына дарыта отырып, кейінгі жастарға үлгі болуда.

 

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Балқаш.

 

 

Бөлісу50Твитерге31
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру