Зауытта Ескеевтер әулетінің осы саладағы даңқты еңбек жолын біле қоймайтындар кем де кем. Мақаланың кіріспесінде атап өткендей, Жезқазған мыс қорыту зауытының тарихы Қарсақбай мыс қорыту зауытымен тамырлас. Мұнда еңбек етіп жүрген жұмысшылардың да аталары немесе әкелері сол қарашаңырақта кешегі Кеңес тұсында қара мыс алуда озаттар атанды.
Міне, Ескеевтер әулетінің де даңқты еңбек жолы сол қарашаңырақтан бастау алады. Сейітжан Қожахметұлы 1966 жылдан 1987 жылға дейін Қарсақбай зауытында конвертор бөлімшесінде конверторшы болып еңбек етті. Әкелерінің еңбектегі жолын жалғастырған Талғат Сейтжанұлы Ескеевтің бүгінде еңбек майданындағы жұлдызы жарқырап тұр.
Жезқазған мыс қорыту зауытының балқыту цехына қарасты конвертор бөлімшесіне 1989 жылы жұмысқа қабылданған Талғат Ескеевқара мыс алудың майталманына айналды. 12 жылдан аса конверторшыларға жетекшілік етті. Қазір де осал емес. Шаң мен газдан тазалау бригадасын еңбек бәсекесінде шашасына шаң жұқтырмай алып келеді. Оның қарамағындағы Дәурен Бейсембаев, Сәбит Жангелдинов, НұрланБегежанов, ЖансұлтанАлданышев, Нұржан Бейсембаев сынды жігіттер де өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды.
– Қара мыс алу сырт көзге оңай көрінуі мүмкін. Алайда оның бір-бірімен сабақтасып жатқан қым-қуыт әдіс-тәсілдері жетерлік. Тәулігіне бір пеште 150-175 балқыма беру үшін әр бригада жұмыла жұмыс атқарады. Мен мұнда алғаш келгенде барлығы қол еңбегімен жүзеге асатын. 1996 жылдан беріқарай өндірісті заманауи технологиялармен жабдықтаудың нәтижесінде көп жұмыс жеңілдеді. Бұл біріншіден, еңбек күшін азайтып, тиімді жұмыс жасауға ықпал етті. Өз басым өндірістік үдерістерді алдыңғы аға буыннан игеріп, салаға бейміделдім. Көненің көздері әрбір жасаған ісімізге ризашылықпен қарап, кем-кетігі болса ақылмен айтып, түсіндіретін. Ендіміне, өзімнің де салағакелгеніме 33 жыл болыпты. Мен де тәлімгер атанып, талай жас маманды өз кәсібіне баулыдым. Қазір солармен мақтанамын, – дейді Талғат Сейтжанұлы.
Талғат Ескеевтің отыз үш жыл еңбегінің нәтижесі жеміссіз емес. Абыройға да, марапаттқа да кенелді. Саланың дамуына қосқан үлесі үшін былтыр зауыттың 50 жылдық мерейтойында автокөлік мінді. Бұл – басшылықтың еңбек адамына деген құрметінің белгісі.
Талғат Сейітжанұлының өндірістегі ісін жалғап бүгінде Арсен есімді ұлы пешке материалдар дайындаушы болып еңбек етуде. «Әке жолы – өнеге» деген осы болар, сірә.
Ескеевтер әулетінің тағы бір өкілі – Ерден Сейітжанұлы. Ол зауытқа 2015 жылы келді. Өндіріске дайындау телімінде тиеушіден басталған еңбек жолы кейін оны әкесі мен ағасының кәсібі қызықтырды. 2017 жылы балқыту цехындағы конвертор бөліміне ауысып келді. Қанат Мұқышевтің тәлімінде шыңдалған Ерден бір жылдан соң звеношы болды. Осылайша ол еңбек жолында сатылай өсті. Еңбек ете жүріп, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін сырттай металлург мамандығы бойынша тәмамдады. Конверторшы Ерден жас болса да еңбегімен көзге түсіп, қазір жауапты міндеттерді де қатар атқарып жүр. Аға шебердің міндетін атқарушы ретінде де өзін сына пкөрді. Бұл істің де жігін жатқыза білетін маман екендігін дәлелдеді.
– Мен металлургтердің еңбек әулетінен екенімді мақтан тұтамын. Әкем де, ағаларым да осы саладаеңбекетіп, алғысалды. Сол кісілердің жолын жалғап, еңбекте табысты болуға, басшылық жүктеген міндетті абыроймен орындауға күш-жігерімді арнаудамын. Талғат ағамнан үйренгені мкөп, тәлімгерім Қанат Мұқышев та өз баласындай қамқорлықпен кәсібімді игеругебілімін де, біліктілігін де арнай білді. Соны мен іске асырып, әріқарай алып кете білдім деп ойлаймын. Қазіргі таңда осында конверторшы болып Мәрлен есімді бауырым еңбек етуде, – дейді Ерден.
Жас та болса өз ісіне жауапкершілікпен қарай білетін Ерден Ескеев металлургтердің даңқты жолын лайықты жалғастыра отырып, майталмандар қатарынан көрінетініне сенім мол.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ