Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Елім менің – еңселі

25 қазан – Республика күні

21.10.2022
- Мерей
0
Елім менің – еңселі
88
БӨЛІСТІ
245
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Республика күні араға 13 жыл салып өз мәртебесінде арамызға қайтып оралып отыр. Тәуелсіздікке жол ашқан бұл күн 1992 жылдан бері тойланып келе жатқанымен мемлекеттік мерекелер тізіміне 2001 жылдың 13 желтоқсанынан ғана енгізілген болатын. Ал, 2009 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілгенде, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке ретінде белгіленуіне байланысты Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталғаны белгілі. Алайда, ресми мерекелер қатарынын шығып қалғанымен бұл күн халқымыздың жадынан өшкен жоқ. Әсіресе, демократиялық үрдістер өріс алған кейінгі уақытта Егемендік декларациясы қабылданған күннің маңызы туралы жиі айтыла бастағанын білеміз. Қоғам үніне құлақ асқан Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың Республика күнін қайтарып, ұлттық мереке мәртебесін беру туралы шешім жасағаны биылғы жылғы ел көңілінен шыққан елеулі оқиғалардың бірі болды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы қадамы мен елең-алаң тұсын еске алар болсақ, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Декларация болашақ Тәуелсіздіктің мызғымас іргетасына айналды. Бұл – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздік таңы алдындағы құтты қадам еді. Сол тұста ел еңсесі де ерекше көтеріле бастады. Өйткені, декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін еліміздің өз территориялық тұтастығы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілетін болды. Осындай айрықша сипатқа ие Республика күнінің биылдан бастап мемлекеттік ұлттық мерекеге айналуы Әділетті Қазақстан құру жолындағы әділетті шешімнің бірі болғаны даусыз.Сындарлы шақта өткеніміз бен бүгініміздің тағылымды тұстарын түйіндеудің де мәні зор. Қазақ халқы он сегізінші ғасырдан бастап жүз жылдан аса сырттан төнген Жоңғар хандығының, одан соң Цинь империясының экспансиясына қарсы тынымсыз күрес жүргізгені мәлім. Осындай аласапыран кезеңнің соңында Ресей империясының бодандығының бұғауына түсіп қалдық.Бұғауды бұзу ниетіндегі қаншама бас көтерулер мен қозғалыстар болды. Исатай мен Махамбет бастаған 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы, Кенесары Қасымұлының патша өкіметі жүргізген отаршылдық езгі мен орыстандыру саясатына қарсы 1837 жылдан басталып 10 жылға созылған көтерілісі, берідегі ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда өріс алып, үстем тап өкілдеріне қарсы ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан тарихи оқиғалардың барлығы азаттықтың ақ таңын аңсаудан туған бұлқыныстар еді. Бұдан кейінгі кезеңде тарих сахнасына келген ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышбаев, Әлімхан Ермеков және тағы басқалары Алаш идеясын өмірге әкеліп, дербес Алашорда республикасын құруға ұмтылды. Алайда, Алаш арыстарының асыл армандары орта жолдан үзіліп, еліміз еріксіз қызыл империя құрсауында қалды. Еркіндік туар күнді жүрек төрінде ұялатқан халқымыз 74 жыл кеңес дәуірінде өмір кешуге мәжбүр болғаны белгілі. Енді міне, сан ғасырдан бері аңсаған күнге қол жеткізіп, Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып келе жатқанымызға 31 жылдың жүзі болыпты. Біз басымызға қонған осы бақыттың бағасын бағалай алып жүрміз бе? Ел ішіндегі кейбір жағдайлар мен Тәуелсіздікке тірек болар жандардың қарым-қатынасын көргенде осы сұрақ ойландырады. Алуан пікірдің жетегінде жүрген бәзбіреулердің өзімізді өзіміз жамандап, кері тартып жүргенін көріп еріксіз қынжыласың. Мемлекеттілігімізді тұқырта беруден бұл шіркіндер не ұтпақшы?! «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, елімізді әспеттеп, ертеңімізге үміт отын жағатынжан семіртер жақсы сөз айтайықшы, жарандар дегім келеді оларға. Тауды көрсең күн көзімен таласқан, Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан. Менің байтақ республикам таулары – Менің көгім мөлдіреген сол аспан. Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан, Көлді көрсең секілді бір түскі аспан. Менің байтақ республикам даласы – Менің көлім теңізбен қол ұстасқан, – деп жырлаған ақын Сырбай Мәуленовтің жыр шумақтарын бүгінгі заман лебіне лайықтап, жаңаша леппен, асқақ көңілмен оқысақ қандай ғанибет! Туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тудыратын,көңілге қонар сөздер осындай болса керек. Біле білсек, көк байрағы көкке желбіреген алтын бесігіміз – Қазақстан. Ендеше, көк аспанымыз мәңгі ашық болсын! Аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз – бізге бәрінен қымбат.«Бірлігі бар ел озады» деген сөзді халқымыз бекер айтқан жоқ. Президентіміздің алға ұстап отырған сөзі де осымен үндес. «Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған», – дейді ол. Иә солай, жеріміз тұтас, тіліміз еркін, бірлігіміз бекем болса, ең басты үш құндылығымыздың түгенделгені. Еңселі еліміздің ертеңі құтты, Тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болсын, ағайын!

 Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру