Облыс әкімдігінде өңірді экологиялық төтенше жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы деп тану үшін зерттеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды. Оған комиссия мүшелері мен қоғам өкілдері қатысты.
Бұған дейін тиісті министрлік тарапынан құрылған Үкіметаралық комиссия өңірде 3 айдай тексеріс жұмыстарымен айналысып, экологиялық ахуалдыңа дамдардың қатерлі дертпен ауруына тигізіп отырған ешқандай әсері жоқ деген қорытындыға келгені есте болар. Бұл уәжбен жұртшылық келіспей, қоғам белсенділері тәуелсіз ұйымдардың сараптама жасауы жөнінде мәселе көтерген-тін. ҚР Экологиялық кодексінің баптарын басшылыққа алған жергілікті атқарушы билік бұдан соң өз комиссиясын құрып, өңірдің экологиялық жағдайына кешенді зерттеу жүргізу туралы шешімге келген болатын. Осыған орай, жарияланған конкурс жеңімпазы болған «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-і Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының кейбір бөлігін экологиялық төтенше жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы деп тану үшін аумаққа (акваторияға) кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуге кіріскені туралы бұған дейінгі газетімізде жарияланған мақалада айтқан едік.Сол жолы айтылғандай, «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-нің атқарушы директоры Сейілхан Асқаров пен жоба жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Наталья Яковлева мамыр айында атқарылған жұмыстары туралы қоғам өкілдері мен комиссия мүшелерінің алдында алғашқы есебін берді.
Экологиялық ахуалды зерттеушілер алғашқы айдың өзінде Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында, Ұлытау, Айыртау, Жезді, Қарсақбай нүктелері бойынша тәуліктің төрт мезгілінде 2 мыңнан аса өлшеу-тексеру жұмыстарын жүргізіпті. Екі қаланың әр жеріне үш-үштен тексеру пункттері қойылған. Зерделеу нәтижесінде күкірттісутек, көміртекоксиді белгіленген нормадан әлде неше есе жоғары екені айқындалуда. Мәселен, медицинада күкіртсутегі тікелей адамның жүйке жүйесіне әсер ететін уытты газ саналады. Сондай-ақ, ауыз су бойынша 18 сынама алынып, зертханалық зерттеулер жасалуда. Жезді, Кеңгір су қоймаларымен қатар Қаракеңгір өзенінің бойы мен қоймаға құяр сағасына экспедициялық зерттеулер жүргізілуде. Аумақтағы топырақтан 250 сынама алынған. Онда да ауырметалдардың әсері байқалуда. Тексеріс жұмыстары одан әрі жалғасуда. Алда әлі 1 жыл 5 ай бойы үздіксіз жұмыс атқарылмақ. Атқарылған жұмыс қорытындысы мен зерттеулердің барысы әрбір ай сайын осылайша жария түрде таныстырылып отырады.
Кездесуде комиссия мүшелерінің де көптегенпікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында айтылған ұсыныстар назарға алынатын болады.
Амандық РАХҰЛЫ.