«Қазақмыс» компаниялар тобы еңбеккерлерінің арасында Наурыз мейрамынаорайластырылған спартакиада өтті. Спорттық іс-шарағабарлық өңірлерден құрама командалар қатысуда. Оның ашылу салтанаты Сәтбаев қаласының спорттық-сауықтыру кешенінде өтті.
Жарыс екі күн бойы Сәтбаев пен Жезқазған қаласының түрлі спорт алаңдарында өткізіледі. 300-ден астам адамнан тұратын Топтың 11 құрама командасы шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және қазақша күрес сияқты спорт түрлерінен сынға түсті.
«Спартакиада әрбір жеке қатысушыға өзін ортақ мақсат үшін жұмыс істейтін бір тұтас команданың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Бұл тек спорт алаңында ғана емес, сонымен қатар ең күрделі өндірістік міндеттерді шешуге көмектесетін бірегей тәжірибе», – деді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев спортшыларға жолдаған құттықтауында.
Спартакиада қатысушыларын «Жезқазғантүстімет» ӨБ филиалының Бас директоры Бауыржан Баймұханов қарсыалды. Ол спартакиадада кімге жүлделі орын берілсе де, корпоративтік бірлік пен нағыз командалық рух жеңетінін атап өтті.
«Maker» ЖШС Басқарма төрағасы – «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов спортшыларды жарыстың басталуымен құттықтап, қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен жарқын жеңіс тіледі.
Спартакиада «Қазақмыс» компаниялар тобындағы маңызды корпоративтік оқиға болып табылады. Ол біздің қызметкерлеріміздің салауатты және белсенді өмір салтына деген ұстанымын көрсете отырып, корпоративтік мәдениетті нығайтудың, географиясы мен қызметтүріне қарамастан кәсіпорын қызметкерлері арасында тұлға аралық қарым-қатынас орнатудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді.
Екі күнге созылған спорттық доданың қорытындысында Турнирде шағын футболдан Жезқазған байыту фабрикасының командасы жеңіске жетсе, екінші орынды «Батыс» кенішінің қызметкерлері иеленді, ал үшінші орынды Жезқазған мыс қорыту зауытының футболшылары жеңіп алды.
Үстел теннисінде «Қарағандытүстімет» ӨБ қызметкерлері үздік деп танылды. Күміс жүлдені Балқаш мыс балқыту зауытының қызметкерлері жеңіп алса, қола жүлде «Жезқазғантүстімет» ӨБ Жөндеу механикалық мамандандырылған басқармасының еншісінде кетті.
Балқаш мыс балқыту зауытының қызметкерлері үздік волейболшылар атанды. Жезқазған байыту фабрикасының қызметкерлері екінші орынды, ал «Балқаштүстімет» бойынша спортшылар үшінші орынды иеленді.
Олжас Жанбосынов 75 келі салмақ дәрежесінде қазақша күрес чемпионы атанды. Екінші және үшінші орындарды Жақсылық Төрехожин мен Әділ Арғын жеңіпалды.
90 келіге дейінгі салмақта балуан Ислам Рахманқұлов жеңіске жетті. Күміс жүлде Дастан Данаевтың еншісіне тисе, ал қола Ернат Төлешке бұйырды.
+ 90 кг ең ауыр салмақ дәрежесінде бірінші орынды Еркебұлан Әбенов, екінші орынды Ерасыл Нұғымат, үшінші орынды Ұлықбек Төлеуов иеленді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.