Сәрсенбі, 4 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

«Бұлантыдағы» бәсеке тарихи кешенді тасбелгі қоймасына айналдырды

08.02.2024
- Көкейкесті
0
«Бұлантыдағы» бәсеке тарихи кешенді тасбелгі қоймасына айналдырды
124
БӨЛІСТІ
344
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Мына мәселені оңтайлы шешудің жолын ойластыршы» деген ауылдас жігіт ағасын тарихи кешенде қалыптасқан ахуал қатты алаңдатады екен. Артынан арнайы барып, әңгімеге тартқан бірнеше ауылдас та бұл үрдіс ұнамайтынын айқын аңғартты.

Ендеше «ойластыратын» несі бар? Қолына қалам ұстаған адам жазады, мән-жәйді жамиғатқа жеткізеді. Ал, шешім қабылдайтын – елдің игі жақсысы.

 Бірлік пен ерлік бойтұмары

1723 – 1725 жж. шұрайлы шығысты, жер ұйығы Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді жаулаған жоңғарлар Ұлытауға бет бұрды. Осы қатерлі кезеңде Әбілқайыр ханды бас қолбасшы сайлаған, тайсалмай жауға қарсы тұрған қазақ жасақтары жоңғарлардың Ұлытау топырағына табанын тигізбей, 1726 жылы Шұбар теңізде ойсырата жеңді.

Сондай-ақ оқыңыз

Қымызың қайда, қазақ?..

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

04.04.2025

Сол жылдың соңы мен 1727 жылы қазақтың қалың қолы жауға қарсы сұрапыл соғыс ашты. Бұланты мен Білеуті өзені арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Жауды жаусата жеңіп, Ұлытауға жеткізбей тоқтатуға тұғыр болған ол тарихта «Бұланты шайқасы» деген атпен қалды. Жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе «Қалмаққырылған» атанды.

Маңызы жағынан Бұланты шайқасы Полтава, Куликово, Бородино жеңісімен пара-пар. Ол «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» ес жиып, бой тіктеп үлгермеген халыққа рух берді. Алдағы үлкен ұрыс, жалғасқан жеңістің қозғаушысы болды. Ең бастысы, ол елдiң үмітін оятып, санасында серпiндi сiлкiнiс жасады.

Бұл – бірлік пен ерліктің бойтұмары. Сындарлы сәтте сардар мен сарбаздың сағын сындырмай, елдің еңсесiн көтерген, желiккен жауға қайсар қазақтың қайтпас қайратын, керемет қуатын көрсеткен тарихи оқиға. Осыдан кейін жау жайлаған аумақты азат ету басталды. Буырқанған бұлқыныс ақыры Аңырақай шайқасындағы ұлы жеңіске ұласты.

Ағайын арасын аша ма?

«Қалмаққырылған» шоқысына 2015 жылы «Қазақмыс» компаниясының демеушілігімен ата-баба ерлiгiн айшықтайтын еңселi ескерткiш – «Бұланты шайқасы» монументі қойылды.

Мәрмәрдан сомдалған, төрт жағын қалқан қаусырған тұғырдағы көкке шаншылған «найзаның» биiктiгi жетi метрден асып жығылатын көрiнедi. Төңi­регiндегi төрт мәрмәр тасқа ру-тайпа таңбасы, ерлiгiмен ерекшеленген бірнеше батырдың есiмi қашалған…

Енді ел не дейді?

«Монументтің маңайы белгілі-белгісіз батырға қойылған тасбелгі қоймасына айналып барады».

«Мың балаға» қойған жетеді деді ме, сөзі өтімді біреу Сартай батырға қойылған белгіні алып тастап, орнына беймәлім батыр бабасына орнатты».

«Руды қойып, бір атаның баласы бөліне бастады. Тасбелгідегі «Пәлен жердегі ұрпақтарынан» деген жазу таңсық болмай қалды. Тіпті кейбіреуі «Ұйымдастырушы» деп, аты-жөнін жазып қоятынын қайтерсің?!».

«Бірде ас беру кезінде «Батыр бабаны кім көп насихаттап жүр?» деген сауалға сәйкес салғыласқан әйел мен еркек көпшілікті ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Осыдан кейін ағайын арасы қалай ашылмайды?».

Міне, естіген пікірдің бірпарасы осындай. Айтпағы әңгіме ауанынан аңғарылып тұр.

Тұғырын таппаған тасбелгі

«Бұланты шайқасы» тасбелгiсi қойылғанда барғанмын. Әлі де жолым түспес пе еді, ел арасындағы әлгі әңгіме поездан түсісімен, екі кештің арасында еріксіз апарған. Ауыл әкімі автокөлік жағынан көмектескені жақсы болды, әйтпесе барып-қайту әжептәуір әбігер екен. Айтылған әңгіменің негізсіз еместігіне көзім жетті. Кешен қаусап, қажып тұр!

Осы монументтің ашылу салтанатына келген қонақтың бірі: «Қап, қазақ қалмақты «Күмiсбұ­лақтың» басында қырмаған екен!» дегені есімде. Ол ненi тұспалдап тұрғанын тү­сiнгем. Журналистер мiнген автокөлiк діттеген жерге жеткенше тасбелгі жолай талай әңгiмеге тамызық болған.

Жолдың жайсыздығынан мазасы кеткен бiр әрiптес: «Күрежол салмаса, арнайы келген бiреу болмаса, мынау айдала адам аяқ басатын жер емес екен» деген. «Қайдағы күрежол? Айдала түгiл, Қарсақбай мен Байқоңыр арасында жолдың сыйқын жаңа көрген жоқсың ба?» деген егделеуi естиярлық танытып.

Сөздің шыны керек, «Бұланты шайқасы» – тұғырын таппаған тасбелгi.

Оған осы жолы көзім одан әрі жетті. Мен пiкiрлескен бiраз ауылдастың ойы: «Байқоңырдың қос босағасындай болған «Егiз­төбе» лайық едi» дегенге орайласып жатты. Онда сұ­рапыл ұрыс өтпесе де «Бұлантыға» беттеген қалың қолдың құрығанда бiр қосыны қос төбеге қарауыл қойып, «Егiзтө­бенiң» етегiндегi атшаптырым алаңқайға дамылдамағанына кiм кепiл?

Жалтарудың үздік үлгісі

– Ұлытау ауданында 2950 га аумақты алып жатқан «Байқоңыр тарихи-мәдени ескерткіштер кешені» бұрын «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығына қараған. 2023 жылы 16 қазанда ол жер телімі облыстық жер комиссиясы шешіміне сәйкес облыс меншігіне қайтарылды, – дейді мекеменің басшысы Әлібек Күзербаев.

Бұл – жауапкершіліктен жалтарудың үздік үлгісі. Әйтпесе, бұрын қайда қараған? Әлде, ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұжымы ҚР Мәдениет және спорт министрі 2020 жылы 28 сәуірде бекіткен ескерткіш орнату тәртібін білмегені ме? Білсе, неге уақытында қажетті қам-қарекет жасамаған?

Бұл жерде жергілікті биліктің де жетісіп тұрғаны шамалы. Монументтік өнер туындысы (ескерткіш, стела, бюст) жергілікті атқарушы органның ұсынысына орай сала министрлігіндегі тиісті комиссиясының шешімімен орнатылады. Оны күтіп-ұстау үшін әкімдік жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне алып, заңнамаға сәйкес қаржы қарастырады.

Әлде, облыс тізгінін ұстап отырған тарихшы-ғалым тарихи кешенді көріп, ұлытаулықтарға көңілі қалғасын оны облыс меншігіне алды ма екен? Естіп жатамыз, жылда күзде Россия «Бородино» күнін атап өтеді. Алматы облысы «Орбұлақ шайқасын» ашық табиғат аясында әспеттеу шарасын қолға алған. Бұл – тарихқа тағзым мен болашаққа тағылымның белгісі.

Біз «Бұланты шайқасына тағзым күнін» өткізуді дәстүрге айналдырсақ, тарихи оқиғаның мәні мен мазмұнын әр түрлі жобада өскелең ұрпақтың санасына сіңірсек, ғажап емес пе?! Оның Полтава, Куликово, Бородино шайқасынан несі кем? Ол – Ұлы Дала елі үшін ерлік пен өрліктің, тұтастық пен татулықтың, еркіндік пен азаттықтың символы!

Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.
Суреті түсірген автор.

 

Бөлісу50Твитерге31
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру