Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Бұл – өзгерістер бастауы

14.01.2022
- Мұқаба
0
Бұл – өзгерістер бастауы
96
БӨЛІСТІ
267
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Осы аптаның 11 қаңтар, сейсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ел Үкіметінің басшысын бекітуге ұсынып, алдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер туралы нақты ойларын ортаға салды.

Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бекітті. Ол бұған дейін осының алдында таратылған Үкіметтің құрамында Премьер-министрдің бірінші орынбасары болған. Жалпы, 2019 жылы бірінші вице-премьер – қаржы министрі, 2018 жылы қаржы министрі болып қызмет істеген. Қазақстандықтар Үкіметтің жаңа басшысынан Үкіметтің құрамын жаңартуды, қордаланған экономикалық және әлеуметтік мәселелерді оңымен шешуді, биліктегі қазақы ортаны кеңейтуді қалайтыны анық. Бұл бағытта еліміз үшін алмағайып кезеңде Президенттің өзі сенім артып ұсынған жаңа Премьер-министр оң қадамдар жасайды деп сенеміз.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарын реформалауда жаңа түзетулерді шұғыл енгізу керектігіне баса назар аударды. Бастысы, жаппай лаңкестік шабуылдарға төтеп беруге дайын болу қажет екенін атап айтты. Сондай-ақ, Ұлттық ұланды сандық және сапалық жағынан нығайту керектігіне тоқталды. Оның аймақтардағы жаңа бөлімшелерін құрып, қазіргілерін күшейтуді жүктеді. Құқық қорғау органдарын арнаулы көлікпен жеткілікті жабдықтау, қызметкерлердің жалақыларын арттыру міндетін қойды Президент.

Мемлекет басшысы жаппай ереуіл басталған кезден елдегі капиталды шет елдерге шығару тәуекелінің аса жоғарылағанын мәлімдеді. Бұның жолын кесу үшін жекелеген азаматтарды тексеруге тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыз

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

10.01.2025
10 мың балаға қуаныш сыйлады

10 мың балаға қуаныш сыйлады

27.12.2024

Қ. К. Тоқаев ҰҚШҰ бітімгершілік миссиясының аяқталғанын жариялады. Екі күннен кейін Біріккен контингентті кезең-кезеңімен шығару басталады. Әскерді шығарудың жалпы процесі он күннен аспайды

Президент Елбасының арқасында елімізде шетелдік өлшеммен алғанының өзінде аса бай адамдар тобы өсіп шыққанын айтып, оларды өз табыстарының бір бөлігін халықпен тұрақты түрде бөлісуге шақырды.

Мемлекет қазынасын толтыруға бұдан былай бензин өндірушілер де осы өнімі үшін салық төлеу арқылы үлес қосатын болады.

Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Ел Президенті Қ. К. Тоқаев бірқатар маңызды міндеттер қойды. Осындай міндеттердің бірі инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын даярлау туралы мәселені белгілеу болды. Елімізде қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту жөнінде міндет қоя отырып, кадрлық әлеуетті де көздеу маңызды. Ел экономикасы үшін инженерлерді даярлаумен отандық оқу орындары да, Ресейдің және басқа елдердің жетекші білім беру орталығының филиалдары да айналысатын болады. Мұндай шараны іске асыру елдегі білім беру сапасының өсуін, жастардың отандық экономикада жұмысқа орналасу деңгейін арттыруды көздейді.

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатына елеулі ревизия жасау жөніндегі алға қойған міндеттері халықтың ұмтылысын көрсетеді. Ел Президентінің саяси еркі оған Парламентпен және Премьер-министрмен ашық сөйлесуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік саясаттың осындай бағытынан кейін кез келген бояма мен жалтаруға жол берілмейтіні анық. Мысалы, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев утилизациялық алымның мөлшерлемесін қайта қарау және оны жинау бойынша мемлекеттік операторды айқындау туралы тапсырма берді. Бұл туралы жеке автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы мен жүк көлігі иелері ұзақ уақыт бойы айтып келді. Осы тапсырманы іске асыру азаматтардан негізсіз қаржылық жүктемені алып тастайды.

… Бастаудың арнасы бірден кеңейе жөнелмейтіні белгілі. Жер бетіне атқылап шыққан бұлақтың жерасты қоры шалқар мұхит болса, күні ертең арналы өзенге айналары анық.

Төлеш АСАНОВ

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру