Бүгінде елімізде кәсіпкерлік саласын қолдауда, оның қанатын кеңге жайып, өркендеуіне ықпал ететін түрлі жобалар көбеюде. Осындай ауқымды жобалар қатарында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бар.
Аталмыш жоба аясында облыстың әр өңірінде көрме ұйымдастырылып жатыр. Сондай бір ілкімді іс жуырда Жаңаарқа ауданында да өтті.
Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінде өткен көрмеге қатысуға 30-ға жуық кәсіпкер өтінім беріп, өз өнімдерін ұсынды. Жалпы, бұл жобаның басты міндеті – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру және қолда бар жергілікті шикізатты пайдаға асыра отырып, өнім өндіру, елдімекендерде жұмыс орнын ашып, ауыл халқының әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.