Жезқазған мыс қорыту зауытындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті – мыс балқытқан металлург пен қосалқы шаруашылықтағы еңбеккерлердің жайлы жағдайда жұмыс жасауына нақты шараларды жүзеге асырып отырған ұйым. Бір сөзбен айтқанда, бастауыш ұйымның ісі берекелі.
Жақында төрағалыққа тағайындалған комитет төрағасы Ардақ Ақылбекова кәсіподақ жұмысында мүшелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау қағидатын берік ұстануда. Ол өткен аптада кәсіпком мүшелерінің қатысуымен бастауыш ұйымның кезекті отырысын өткізді. Оның күнтәртібінде сәуір айында атқарылатын шаралардың легі пысықталып, цехтардағы ахуал жөнінде талқыланды. Сондай-ақ, Еңбекті қорғау күніне арналған жоспарлар бекітіліп, марапаттауға озаттарды анықтау бойынша шешім қабылданды.
Кәсіподақ мүшесі, балқыту цехының бас инженері Елмұрат Әбуов цехтағы әкімшілік-тұрмыстық кешеннің жағдайына көңіл бөлініп, ретке келтірілсе деген талабын жеткізді. Комитет төрағасы бұл мәселе бойынша алдағы уақытта тиісті шаралардың жүзеге асатынын айтты.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.