Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Бас жоспарды үкімет мақұлдады

12.01.2024
- Қоғам
0
Бас жоспарды үкімет мақұлдады
86
БӨЛІСТІ
240
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жаңа жылдың қарсаңындағы жағымды жаңалықтың бірі Жезқазған қаласының бас жоспарының Үкімет тарапынан мақұлдануы болды. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа облыс орталығын одан әрі дамытудың бас жоспарын таныстырған соң басты құжат Үкіметтің отырысында мақұлданды.

Жезқазғанның бас жоспары осы уақытқа дейін үш рет қала жұртшылығының қоғамдық талқылауынан өтіп, тұрғындардың пікірі барынша ескерілді. Қала құрылысына қатысты мемлекеттік органдардың сараптамасынан өткен соң әзірленіп, облыстық мәслихат депутаттарының да талқылауынан өткен болатын. Болашақта Кеңгір ауылы бағытында Батысқа қарай кеңейетін қала аумағы Сәтбаевқа дейін созылатын болды. Жезқазғанның бас сәулетшісі Қанат Бекжігітов тұрғындардың осы жобаны дұрыс көріп, мақұлдағанын атап өтті. Бас жоспарда жаңа жол құрылымы, тұрғын үйлер, спорт сарайлары, театр, стадион, сауда және ойын-сауық орталықтары, әскери қалашық, өрт сөндіру депосы, жүзу бассейні қарастырылған. Сонымен қатар, қала дамыған кезде 29 балабақша, 8 мектеп, 3 облыстық, 4 қалалық аурухана, балалардың оңалту, онкологиялық орталық сияқты әлеуметтік игіліктер бой көтеретін болады. Жобаны жүзеге асыру барысында  қаланың экологиялық ахуалын жақсарту жөнінде де біраз шаралар жүзеге асырылмақшы. Жасыл желек көлемі ұлғаяды. Кеңгір су қоймасының жағалауы демалыс аймағына айналады. Тұрмыстық қалдықтар полигонының орны басқа жаққа ауыстырылады. Корпорацияның күкірт қышқылы цехын жаңартуы арқылы қоршаған ортаға таралатын зиянды қалдықтар көлемі елеулі мөлшерде азаяды.

Бас жоспарда қамтылған жобаларды 2038 жылға дейін жүзеге асыру көзделіп отыр. Қазіргі қолданыстағы басты құжат 117 мың тұрғынға жоспарланған болса, болашақтың бас жоспары 145 мың тұрғыны болатын қалаға арналған. Ендігі кезекте, алдағы үш айда қала әкімдігімен бірлесіп бас жоспарға сәйкес құрылыс жүргізу үшін жер телімдері берілетін болады. Өз жобаларын жүзеге асыратын инвесторларға берілетін жер аукционға қойылады.

Сондай-ақ оқыңыз

Су қателікті кешірмейді

Су қателікті кешірмейді

30.05.2025
Тіл төңірегіндегі текетірес

Тіл төңірегіндегі текетірес

14.03.2025

Жезқазғанның бас жоспары –облыс орталығын дамытудың негізгі құжаты. Ол алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын кеңінен жүргізуге, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, сол арқылы қаланы одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жобалар мен іс-шаралардың биыл қолға алынуы қаланың 70 жылдығына лайықты тарту болғалы отыр.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу34Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру