Былтыр кәсіби мереке қарсаңында Жезқазған мыс қорытузаводының директоры Дүйсенғали Байғуатов «Қазақстанның Құрметті металлургі» атанды. Менің ойыма онымен қашан, қалай танысқаным оралды.
Сексенінші жылдардың ортасы. Онда ол балқыту цехында ауысым шебері екен. Құлжаның сақасындай салмақты, шираққимылдыжасжігіт Қазақ политехникалық институтын бітірген 1982 жылы жолдама Жезқазған мыс қорыту заводына бұйырып, өртыныстыөндірістегі еңбек жолын конверторшы болып бастапты…
Жезқазған жағында
Дүйсенғали – елдің шырайлы шығысындағы Семей облысы, Үржар ауданының тумасы. «Елтай» кеңшарында ер жетті.
Әкесі Ыбырайхан майданның қанды қасабына қатысып, соғыс аяқталған жылы желтоқсанда елге оралған майдангер еді. Ауылда әртүрлі жұмыс істеп, қарапайымтірліккешті. Өкініштісі – өрісін ұзартқан ұрпағының қызығын көре алмай, жасы жарты ғасырға қараған шағында өмірден озды.
Тағдырдың бар тауқыметін анасы Самалхан тартты. Ол өзекке тепкен өмірге өкпелемей, өрге ұмтылды. Тірнектеп жүріп төр тұл, төрт қызды жеткізді. Бәрі жоғары білім алды, өмірденөзорнынтапты, ата-анасының атына кір келтірмеді. «Әкем жарықтық: «Ешкімнің ала жібін аттамаңдар!» дегенді жиі айтатын» деп, ескеаладыбүгіндеДүйсекең.
Орта мектепті бітірген соң Дүйсенғали екі жыл комсомол-жастар бригадасында еңбек етті. Сосын Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанды. Ерте есейді. Көзін ашқалы ауыл тірлігімен тыныстаған балаң жігіт өмірін өндіріспен байланыстыруды ойлады. Ақыры берік шешімге бел буып, Қазақ политехникалық институтына оқуға түсті.
Бұл тағдыр дегенді қойсай!? Табиғаты тамылжыған Тарбағатай сілемін сағалаған ажарлы ауылдан түлеп ұшқан азамат институты бітірген жылы жолдамамен Жезқазғанжағына жол тартты. Алтынға бергісіз мысымен әлемге әйгілі қуатты кәсіпорынның табалдырығын аттады. Мәрт мінезді металлург қауымы жалындаған жасты жатырқамады, бауырына басты.
Конвертершіліктен басталған қадамы қайырлы болды. Қызмет бабындағы биігіне сатылап көтерілді. Жеті жылға жетпей Жезқазған мыс қорыту заводының балқыту цехындағы электрпеші бөлімшесінің тізгінін ұстады. Үш жылдан кейін – цех бастығының орынбасары, араға жыл салып бастығы болып тағайындалды. Екі жыл заводтың бас металлургі қызметін атқарды.
Ол өндіріске өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Дүйсенғали Байғуатовтың тікелей жетекшілік жасауымен екі рудотермиялық пеш пен №2 балқыманы қалыпқа айналдыра құю машинасы швециялық «Болидэн Контэк» және финдік « Оутокумпу Венмек» фирмасының жобасымен жаңғыртылды. Осы күрделі шаруаны жүзеге асыру барысында инженер-металлургтің іскерлік қабілеті жарқырай көрінді.
1997 жылы наурызда Дүйсенғали Байғуатов компания басшылығының шешімімен Балқаш мыс қорыту заводының директорлығына тағайындалды. Ал, араға ширек ғасырға жуық уақыт салып, 2021 жылы қарашада Жезқазған мыс қорыту заводына қайтып оралды, үлкен ұжымның басшылығын қолына алды. Кезінде өзінің өр тынысты өндірістегі тұсауын кескен кәсіпорынның тыныс-тіршілігі оған етене таныс еді.
Бұрынғы аға буынның орнын басқан, жаңа басшыға байланысты азды-көпті хабары бар жастар жылы қабақпен қарсы алды. Жас мамандардың қолдауына сүйенген ол өндірістік үдерісті жетілдіру, кәсіпорындағы өзекті мәселені орайлы шешу бағытында іргелі істі қолға алды. Әсіресе, аймақ жұртшылығын алаңдатып отырған күкірт қышқылы цехының құрылысына жете көңіл аударып, назарда ұстады.
Балқаш бойында
Компания басшылығының ұйғарымымен Шымкент қорғасын заводына директор болған кезін (2010-2013 ж.ж.) қоспағанда, Дүйсенғали Байғуатов ғұмырының 21 жылын байырғы Балқаш бойында өткізді. Бастапқыда мыс қорыту заводына директор болып барған ол кен-металлургия комбинаты (кейін «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігі – авт.) басшысының металлургиялық кешен жөніндегі бірінші орынбасары, бас инженер, бас директор қызметіна быроймен атқарды.
Өмір жолында бедерлі белгі қалдырған байырғы Балқаштың Дүйсекең үшін орны бөлек. Тура осы өңірде оның майталман маман, тереңнен ойлайтын білікті басшы ретінде табиғат сыйлаған таланты сан қырынан ашылды. Тоқыраудың топанына тұншығып, қаңтарылу қарсаңында тұрған заводты сақтап қалу жолында үзеңгілес серіктерімен білек біріктіріп, уақытпен санаспай қалай тер төккені көпшіліктің көз алдында. Күрделі өндірістік және әлеуметтік мәселелер орайлы шешілгені өз алдына, ең бастысы – сауатты мамандарды төңірегіне топтастыра білді.
Әр күн сапалы мыс алудыңт ехнологиясын жақсартуға, өндіріске тиімді тәсіл мен тың идеяны енгізуге бағытталған нақты іспен дәйектелді. Есіл еңбек ізсіз кетпеді. 2003 жылы наурызда басты балқыту агрегаты – №1 Ванюков пешін қайта құру аяқталып, оның бастапқы өнімділігін екі есе ұлғайтуға жол ашылды. Сол жылы осындай екінші пештің құрылысы басталып, ол 2004 жылы ақпанда іске қосылды. Сөйтіп балқыту цехы толық автогенді әдіске көшті. Құнарсыз шикізаттан құрамы мысқа бай штейн алуға мүмкіндік туды. Конвертерлер ырғақты әрі барынша өнімді жұмыс істей бастады.
Аймақтағы барлық кенішті, байыту фабрикасы мен мыс қорыту заводын және қосалқы құрылымдарды біріктірген «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігін басқарғанда да іске белді бекем буып кірісті. Егер мыс өндірісіндегі барлық негізгі технологиялық жабдықты жаңғырту Дүсенғали Ыбырайханұлының басшылығымен және белсене қатысуымен жүргізілгенін айтсақ, ешкім жоққа шығара алмасы анық. Соның бір парасына тоқтала кетейік.
Мысты сұйық ваннада балқыту кешенін және шихта дайындау цехының технологиялық желісін жетілдіру бағытында мақсатты түрде жүйелі жұмыс жүргізілді. Бұл мыңдаған тонна қатқан концентратты қабылдауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде пештердің өнімділігі сағатына 60 тоннадан екі есеге дейін артты. Шығарылған катод мысындағы МООК маркалы жоғары сұрыпты түрінің үлесі 80%-ке жетті.
Жаңа өндірістік қуаттарды қатарға қосудың қамы қарастырылды. 1997 жылы қыркүйекте «Саяқ-3» кенішінде шахталық тәсілмен кен өндіру қолға алынды. Жаңа ғасырдың табалдырығын аттаған тұста «Шатыркөл» кеніші шаңырағын көтерді және көне Қоңырат кенішін қалпына келтіру қолға алынды. 1999 жылы құрылысы басталған мырыш заводы 2003 жылы қатарға қосылды.
Ол өндірістік бірлестікті басқарып тұрғанда тас қашайтын цех, эмальді сым цехы, құрғақ электр сүзгілері телімі ортақ игілікке айналды, мыс тотияйынын өндіру қалпына келтірілді. Мыс қорыту заводында әлемге танымал шведтік «Болиден» фирмасының технологиясына негізделген қымбат металдар цехы салынды. Ол мысты электролиздеуден қалған шламды қайта өңдеп, одан алтын мен күміс, сондай-ақ, селен мен теллурид элементін айырып алуға мүмкіндік береді.
Дүйсенғали Байғуатов өзінің іскер әрі ірі өндіріс ұйымдастырушысы, білікті басшы, кәсіби сауатты инженер-металлург екенін көрсете білді. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы оны қашанда өндірістің күрделі ахуал қалыптасқан буынына жіберіп отырды. Ал, ол берілген тапсырманы әрқашан ойдағыдай орындады.
Бір көңіл аударатын нәрсе, кейіпкеріміз әлеуметтік мәселені де көзден тасақылған емес. Мәселен, шағын сүт заводын салдыруы, жас мамандарға арналған үйге жаңғырту жасауы, «Сарыарқа» демалыс аймағы мен «Жасқанат» сауықтыру лагерін қалпына келтіруі осыған дәлел. Қысқасы, ол өндірістік мәселелерді шешумен ғана шектелмей, аймақтың қоғамдық өміріне де белсене атсалысты.
P.S. Дүйсенғали Байғуатов – өндірісті оқумен, ғылыми ізденіспен байланыстыра білген басшы. 2002 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін сырттай тәмамдап, «қаржыгер-экономист» мамандығын алды. 2004 жылы «Сұйық ваннада мыс шикізатын балқыту технологиясын жасау мен өнеркәсіптік игеру» деген тақырыпта диссертация қорғап, «Техника ғылымдарының кандидаты» атанды.
Ол жасы зейнеткерлікке жеткеннен кейін де бес жыл – былтыр қарашаның аяғына дейін келісім-шартпен жұмыс істеді. Бірақ, өндірістен таза қол үзіп кеткен жоқ. Бір айдай тыныққасын, компания басшылығының өтінішіне орай, Балқаш мыс қорытузаводына бір жылға ақылман-кеңесші (консультант-советник) болып қызметке қабылданды.
Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.