Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Бәрі де Қарсақбайдан басталған

21 шілде – Металлург күні

19.07.2024
- Мерей
0
Бәрі де Қарсақбайдан басталған
93
БӨЛІСТІ
259
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жыл сайын, шілденің үшінші жексенбісінде елімізде металлургтер мерекесі тойланады. Осы кәсіби мереке иелері жайлы қалам тербегенде қарашаңырақ Қарсақбайды айналып өткен күніміз болған жоқ. Өйткені, Қарсақбай зауыты – Қазақстан түсті металлургиясының даму бастауында тұрған, көпжылдық тарихы бар кәсіпорын. Оның ішінде Үлкен Жезқазған осы қарашаңырақтан енші алып шыққан өндіріс ошағы. Бәрі осы Қарсақбайдан басталған…

 

Қарашаңырақ кеше

Бұл зауыттың тарихы өткен ғасырдың алғашқы онжылдығында, Сарыарқа жеріне ағылшындар қызығушылық танытқан кезден басталады. 1928 жылы зауыттың ашылуына біздің отандасымыз, белгілі ғалым Қаныш Сәтбаев ерен еңбек сіңірді. 1942 жылы кәсіпорын әскери жұмыс жағдайына көшіп, майдан даласына қажетті техникалар мен бөлшектер жасап шығарды. 1973 жылдан кейін Қарсақбай өндірісі металлургияға қайта бағытталып, зауыттың негізгі қызметі «Kazakhmys Holdings» ЖШС кәсіпорындарына шойын өнімдерін құю болды. Зауыт компанияның кеніштерінде, зауыт-фабрикаларында қолданылатын жабдықтарға арналған бөлшектердің 30-ға жуық тауарлы түрін шығарады.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Бүгінде «Қазақмыс» – табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу бойынша халықаралық жетекші компания. Корпорация мысты ғана емес, басқа да пайдалы қазбаларды іздеу, барлау, өндіру, байыту, қайта өңдеу және экспорттауды жүзеге асырады. Бұл жұмыстарды осының барлығы бастау алған Қарсақбай зауытынсыз, мыс қорыту ісінің бастауынсыз елестету мүмкін емес. 1928 жылы Қарсақбайда алғашқы мыс балқытылған күн «Қазақмыс» үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға болды. Қазақстанда мыс өндірісі осы күннен басталады. 90 жылдан астам тарихы бар Қарсақбай мыс қорыту зауыты Қазақстандағы түсті металлургияның тұңғышы болып саналады.

Қарашаңырақ бүгін

Қарсақбай мыс заводы 1975 жылы жұмысын тоқтатты. Өңірде Үлкен Жезқазған өндірісі қанатын жайды. Әлемдегі ондықтың ортасынан ойып тұрып орын алды. Жезқазған мыс қорту зауытынан шыққан саф алтындай сары мыстың Лондан биржасындағы бәсі қазір жоғары. Сол, Үлкен Жезқазған қанат қағып шыққан қарашаңырақ – Қарсақбай зауыты металлургия зауыты болып, шойын құю жұмысымен айналысады. Қазіргі таңда, 50 жылға таянды, осы ісін тынбай жалғастырып келеді. Мереке қарсаңында біз зауыттың өндірістік бөлім басшысы Құланқадыр Еділбаевпен әңгімілескен едік.

– Зауытта қазір 142 адам жұмыс істейді. Оның 49-ы шойын құю цехында. Аптасына екі рет шойын құйып, «Қазақмыс» корпорациясының құрылымдарынан түскен тапсырыстарды орындап отырмыз. 2024 жылға белгіленген жоспар 206 тонна. Оның ішінде – № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикалары үшін – 103 тоннаның өнімі, Жезқазған металлургия зауыты үшін – 48 тоннаның өнімі, шахта-проходкалау тресі үшін – 10 тоннаның өнімі және 45 тонна өнімдер өзге кеніштер үшін құйылады. Негізі біз «Қазақмыс» корпорациясы құрылымдарының тапсырысы бойынша 30-ға жуық бұйым түрлерін құйып шығарамыз. Жоспар уақытылы орындалып тұрады. Біздің құйған өнімдердің сапасына әзірге ешкім кінә тағып отырған жоқ.

Зауыт шойын құюдан бөлек, кент тұрғындарын, мекемелерді ауыз сумен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда шойын құю цехын, сумен қамту цехының ғимаратын жөндеуге қаражат бөлініп, жөнделді. 6 квт тоғының бағаналарын, сымдарын айырбастау жұмыстары жүргізілуде. Келешекте дамбыға, бас бөгетке, екі көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Ауызсумен қамту цехының зертханасын жөндеу биылғы жылы басталады. Әрине, бұл жұмыстардың бәрі «Қазақмыс» корпорациясы басшыларының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Кент тұрғындары «Қазақмыстың» басшыларына дән риза, – дейді бөлім басшысы бізбен әңгімесінде.

 

 

Бөлісу37Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру