«КәсіпҚорған» кәсіподағы өз мүшелігіндегі еңбеккерлердің жұмыстан тыс уақытын ұтымды ұйымдастыру мақсатында түрлі шараларды өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.
Әсіресе, кәсіподақтың Жезқазған филиалына қарасты комитеттер мазмұнды әрі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастырумен ерекшеленуде.
Жақында Жезқазған мыс қорыту зауытындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті зауыт жұмысшылары арасында балық аулау жарысын өткізді. Кербез Кеңгір жағасында зауыт еңбеккерлері көлге қармақ тастап, балық аулаудағы шеберліктерін паш етті.
Белгілі уақытта межеленген салмақта қармағы көп балық қапқан әуесқой балықшылар жеңімпаз атанды. Кәсіподақтың бұл дәстүрлі жарысына қатысушылардың жыл сайын саны өсуде. Балық аулау жарысында ерекшелігімен танылған С. Беккожин, Ғ. Мұхатов, В. Новожилов, А. Рүстемов, Р. Файзиевбіріншіорындыжеңіпалды. Екіншіорынды Ю. Калициненко, А. Банщиков, Т. Әбдікамалов, Ж. Шүкірбаев, А. Жаманқариненшіледі. С. Жүсіпназаров, В. Ильчук, Е. Күзенбаев, А. Баязитов, К. Мұханов үшінші орынның тұғырынан көрінді. Жарыс командалық тәсіл бойынша өтті.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.