Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Балаңыз кiтап оқи ма?

Президентт тапсырмасы

26.04.2024
- Көкейкесті
0
Балаңыз  кiтап оқи ма?

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Әділетті Қазақстан құруда саяси-экономикалық реформа жасаудан бөлек, ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керектігін алға тартып, еліміз үшін ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың айрықша маңызды екенін атап айтқан болатын. Озық ойлы ұлт қалыптастырудың жайы жуырда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында одан әрі жалғасын тапты. Ұлттық кітап күнін атап өтуді қолдаған Президент құрылтайда: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деді.

Сөз жоқ, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Олай болса, біз бүгінде кітап оқимыз ба? Әсіресе, бұл мәселе жастарға, болашақ ұрпаққа тікелей қатысты екені даусыз. Негізінде тіл мен кітап бір-бірімен тығыз байланысты. Ана тіліміз дамысын десек, смартфонға байланып қалған жастардың бойына кітапқа құмарлықты сіңіріп, дамытуымыз керек. Оның үстіне интернет өнімдерін талғамсыз пайдаланудың бала тәрбиесіне теріс ықпалын тигізіп жатқаны да жиі айтылуда. Ал, жастарды кітап оқуға баулуды қалай жолға қоюға болады? Бұл жөнінде жалпы қоғам болып қозғау салған жөн сияқты. Президент өткен жылғы құрылтайда да осы маңызды мәселені қозғап, кітаптардың қолжетімді болуы және қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты ояту үшін елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін замануи кітапхана салу туралы ұсыныс айтқаны да есімізде. Кітап оқуға ниеттенген жанға қазір мүмкіндіктер көп. «Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырамыз» деген ұранмен жақында Жезқазған қаласында «Kitap AL» дүкенінің ашылуы да осы бағыттағы жаңа қадамдардың бірі деуге болады.

Еліміздің Тәуелсіздікке қадам басқан елең-алаң кезінде кітапханалардың жабылып қалғанын да көрдік. Қазір бұл жағдай түзелді, білім ошақтарының жұмысы жандана түсуде. Қажетті кітап қоры да мол. Ал, осы рухани игілікті бүгінгі пайдалану жайы қалай екен деген оймен жақында «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасының табалдырығын аттаған едік. Екінші қабатқа көтерілер тұста жазулы тұрған Абай хакімнің ұлағатты сөзі бірден көзге шалынып, білім қазынасының алға ұстаған темірқазығындай әсер етті.

«Пайда ойлама, ар ойла,

Сондай-ақ оқыңыз

Қымызың қайда, қазақ?..

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

04.04.2025

Талап қыл артық білуге,

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге» – депті ұлы ақын.

Кітапхана ғимаратының өткен жылы күрделі жөндеуден өткенінен хабарымыз бар-тын. Ішіне кіргенде жаңарып, жақсарған білім ошағының ұядай жайлы мекенге айналғанына сүйсіндік. Қатар-қатар сөрелердегі тізілген алуан тақырыптағы кітаптар, ұлылар мен даналардың білім көзі туралы ғибратқа толы сөздері бірден көз тартады. Мұнда 47300 кітап қоры бар екен. Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Динара Сексенбаевамен әңгіме барысында «осы күні балалар кітап оқи ма?» деген көптен көңілде кептеліп жүрген сауалды қоюға тура келді. «Неге оқымасын, оқиды» деген меңгеруші алдымызға атқарылып жатқан шаруалардың біразын жайып салды.

– Бүгінгі кітапханалар цифрлы технология жетістіктеріне сай жабдықтармен жетілдірілген. Балаларды кітапқа қызықтыруда жас ерекшеліктеріне қарай 3D электрондық нұсқасын, сөйлейтін кітаптарды, ұялы телефондағы қосымшаларын, түрлі-түсті форматтағы және буындап оқитын кітаптарды ұсынамыз. Балалар жақсы келеді, ата-аналарымен, әжесімен бірге келіп оқитындар көп. Бүгінде кітапхананың 2500-дей оқырманы бар. Кітапханада 3 клуб тұрақты жұмыс істейді. «Керемет шеберхана» атты клубымыз 0-4 сынып оқушыларына арналған, «Жерұйық» өлкетануға қызығушыларды қамтыса, туған жерге сүйіспеншілік, патриоттық тәрбие тақырыптарын қамтитын «Атамекен» клубы ересек балалармен жұмыс істеуді көздейді. «Ертегі терапия» деген жобамызда дауыстап оқу арқылы баланың көңілін бөліп, ертекпен емдеуді мақсат тұтамыз. «Келбет» деген жобамызда өңірге танымал адамдарды, еңбек өрендерін шақырып балалармен кездесуін ұйымдастырамыз. Балаларды кітапханаға тартып, қызығушылығын оятуда басқа да көптеген іс-шаралар өткізіледі. Бала бақшалармен, мектептермен жұмыс жүргізуде жылжымалы кітапхана іске қосылады, – дейді Динара Мақсұтқызы.

Балалар кітапханасындағы атқаралып жатқан істерді саралай келіп, көңілге ұялаған «балалар кітап оқымайды» деген пікіріміз өзгергендей болды. Әжесі жетелеп келіп жатқан бірен-саран  жеткіншектерді де көзіміз көрді.  « Әділетті Қазақстан – Адал азамат» қоғамын қалыптастырудағы идеологиялық жұмыстардың негізгі бағыттарын атап көрсеткен Президентіміздің  «Кітап оқитын халық қана нағыз зиялы бола алады» деген сөзінің мәні де өте тереңде. Олай болса, әлеумет, кітап оқиық! Балаларымызды да кітап оқуға баули білейік.

Амандық РАХҰЛЫ. 

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру