Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Байытушылар тағы жеңіс тұғырында

17.11.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
Байытушылар тағы жеңіс тұғырында
78
БӨЛІСТІ
217
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бірлесіп ұйымдастыратын жыл сайынғы дәстүрлі спартакиада шеңберінде спорттың бірнеше түрі қамтылған. «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысы төңірегіндегі өндірістік құрылымдардың еңбеккерлері белсенді қатысып кел жатқан спартакиаданың келесі бәсекесі волейболдан өтті.

Екі аптаға жуық бақ сынаған әуесқой ойыншылардың бағы мен бабы қатар шапты десек болады. Командалық ойынның алғашқы кезеңінен-ақ үздіктер дараланып тұрды. Бірнеше айналымда өткен жарыстың нәтижесінде жүзден жүйріктер анықталды. Сонымен биылғы жылдың спартакиадасында спорттың бірнеше түрінен жеңімпаз атанып келе жатқан Жезқазған байыту фабрикасының волейболшылары тағы да топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды Жезқазған мыс қорыту зауытының командасы алса, үшінші орынның жүлдесімен Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі марапатталды.

Ойында көзге түскен жекелеген ойыншылар түрлі номинацияларға ие болды. Атап айтқанда, «Транко Жез» ЖШС-нен Ерболат Мейрашов «Үздік байланыстырушы» аталымына лайық деп танылса, шахтапроходкалау тресінен Ержан Әубәкір «Үздік бұғаттаушы» аталымын иеленді. Жезқазған мыс қорыту зауыты командасынан Иманбек Еденбаев «Үздік шабуылшы» деп танылса, Жезқазған байыту фабрикасынан Нұрбол Ғалым «Үздік ойыншы» номинациясын еншіледі.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Сондай-ақ оқыңыз

Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025
Әлеуметтік қорғау – басты орында

Әлеуметтік қорғау – басты орында

28.02.2025

 

Бөлісу31Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру