Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

Байыту кешенінің келешегі кемел

26.05.2023
- «Қазақмыс» құрылымдарында
0
Байыту кешенінің келешегі кемел
175
БӨЛІСТІ
487
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сапалы өнімі әлемдік нарықта мойындалған «Қазақмыс» компаниясының кен байыту кешендерінің жұмысы жүйелі. Қарағанды өндірістік аймағында «Нұрқазған» атауымен қалың жұртшылыққа танылған кен байыту фабрикасы алғаш өнім шығарған сәттен бастап еңбек көрігін қыздыруда. 

Бүгінгі күнде фабрикада 560 адам еңбек етуде. Оның құрамында ұнтақтау кешені, бас корпус, қойма шаруашылығы, «Кенд ітиеу», сорғы қондырғыларына қызмет көрсету және жөндеу телімдері, электр қосалқы станциясының қызметі бар. Фабриканың қазіргі күндегі өнім көлемі толық жобалық қуаттылыққа шыққандағы жыл сайынғы кенді өңдеу 3 млн 700 мың тонна шикізатты құрайды. Жалпы алғанда қазіргі таңда «Нұрқазған» байыту фабрикасының табыспен тасы өрге домалап тұр.

Ұлан Тоқанов тізгінін ұстаған өндіріс ошағында кен байытудың заманауи технологиялары қолданысқа енгізіліп, фабрика соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған.  Кәсіпорынның қуатты әрі тұрақты жұмыс жасауында қарапайым еңбек адамының атқарып отырған жұмысы маңызды.  Өндіріс алаңына сапарымыз барысында фабрика директорының міндетін атқарушы Ұлан Раянбекұлы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

– Бұл өндіріс ошағы  «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» кенішінің жерасты  мыс-сульфидті кендерін қайта өңдеу мақсатында 2007 жылы іске қосылды. Нысанының тізгінін наурыз айында қолға алдым. Үлкен ұжымды басқару міндеті жауапкершілік жүктейді. Сондықтан фабриканың өнім өндіру көлемін ұлғайту мақсатында жаңа жобаларды іске асыруды көздеп отырмыз.  Өнім көлемін арттырумен қатар әлеуметтік жобаларға баса мән берудеміз. Алдағы уақытта «Қазақмыс» басшылығының қолдауымен әкімшілік-тұрмыстық кешені мен ұсақтауцехын салу қарастырылған. Еңбек өнімділігі мен қауіпсіздік саясаты басты назарда. Негізгі цехтар айлық жоспарды орындауда жақсы көрсеткіштерге ие болып келеді. Бірінші тоқсан бойынша фабрика жоспарды орындап шықты. Бас корпуста диірмен машиналары жаңа жүйедегі қондырғыларға ауыстырылды. Мұндай өзгерістер – фабриканың тұрақты өнім беруінің басты кепілі. Қазіргі таңда аталған бас корпуста технологиялар жаңартудан өтпек, – деді Ұлан Тоқанов.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Орда бұзар отыз жаста ірі өндіріс ошағына басшылыққа келген Ұлан Раянбекұлы байыту саласында тәжірибелі маман. Жас болса да іскерлігі мен еңбекқорлығының арқасында басшылық қызметке дейін өсті. Қарағанды политехникалық университетін материалтану және материалдар технологиясы мамандығы бойынша тәмамдаған.  Осы жауапты қызметке дейін «Қарағайлы» байыту фабрикасында  бас технолог болып еңбек етті. Ұлан Тоқановтың өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, фабриканың жұмысын алға сүйреуге деген ынтасы ерекше екендігі аңғарылды. Өзі бастап цехтардың жұмысымен таныстырып, еңбек адамдарымен тілдестірді. «Жас келсе – іске» демекші,  жаңа басшының келуімен қатар өндіріс орнында жаңашылдықтардың бары бірден сезілді.

– Болашақтағы жоспарларымыз айқын. Іргедегі «Нұрқазған» кенішінен келетін кенді ұсақтап, байыту үдерісін біз жетілдіре береміз. Бас корпустағы диірмен машиналарын жаңарту жүзеге аса береді. Кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстар бар. Осының барлығына бір кісідей атсалысатын ұжымның да белсенділігі жоғары, – дейді Ұлан Тоқанов.

Фабриканың өнімді еңбегі – ұжымның бірлігінде. Береке-бірлігі жарасқан нұрқазғандық байытушылар межелі міндетті еңсерудің арқасында табысты тасыта бермек.

Суретте: фабрика
директорының міндетін
атқарушы Ұлан Тоқанов.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу70Твитерге44
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру