Қазыналы өңірдің ырысына баланған сары мысты өндіру мен өңдеудің тілін тапқан кенші мен байытушының төл мерекесі жақын қалды. Өңір үшін бастылардың бірі болып табылатын осы мереке қарсаңында кен өңдеуде жетпіс жылға таяу тарихы қалыптасқан Жезқазған кен байыту фабрикасына бас сұққан едік. Өз ісіне мығым әрі байыпты байытушылар белестен белес бағындырып, өндірісті өрге сүйреуде. Солардың қатарында өндіріс ошағындағы Марғұлан Әбдікеров басшылық жасайтын № 2 бас корпустың ұжымы межелі міндеттерді мінсіз еңсеріп келеді.
Суретте: №2 бас корпустың инженерлік-техникалық қызметкерлерінің бір тобы.