Бейсенбі, 5 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Азаматтығыңа сын түсірме

23.06.2023
- Көкейкесті
0
Азаматтығыңа сын түсірме
84
БӨЛІСТІ
233
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кез-келген егемен ел үшін ең маңызды нәрсе – қауіпсіздік. Әлемдік аренада мемлекеттердің мықтылығы ғылым, мәдениет, экономикамен қатар, әскери күшпен өлшенетіні мәлім. ҚР Қарулы Күштері жүйесінде 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтарға әскери қызмет міндеттелген.

Міне, көктемгі әскерге шақыру мерзімі де соңына жетуге таяды. Жылына екі рет науқан кезінде жастардың әскери борышын өтеуден жалтаратындар туралы әңгіме көп. Ақпарат көздеріне сүйенсек, кейінгі кезде борышын ерікті өтеушілердің қатары азайған. Жастардың дені жалтарып, түрлі сылтау мен бармаудың жолын табады. Өйткені борышкерлердің көбі әскерге баруды текке уақыт өткізу деп есептейді.

Жалпы, әскерге шақыру жылдағы тәртіппен жүргізіледі ғой. Бірақ соған қарамастан борышын өтеуден қашу көпшілік үшін жаға ұстататын жаңалық болмай қалды. Алайда қазір тәртіп өзгерді. Әскерге шақыртуды елемей, медициналық тексеруден өтуге келмеген жігіттерге айыппұл салынады. Кейін қайда барсаң да, осы қағаз алдыңнан шығады да тұрады. Шетелге шыға алмайсың. Ол аз десеңіз, денсаулығына қасақана қысым келтіріп, жалған анықтама жасап алатындар айыппұл арқалайды.

Мемлекет азаматтарға «қалайда баруың керек» деп міндеттеп отырған жоқ. Егер шынымен денсаулығы болмаса, білім алса, темірдей қатты әскери тәртіп те борышкердің мүмкіндіктерін ескереді. Жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер оқуын аяқтағанша әскерге бармайды. Одан кейін міндетті. Әскерге барудан үйленген, 1 баласы бар азаматтар мен денсаулығы жарамсыз азаматтар босатылады. Ал бір жылын әскерге жұмсағысы жоқтарға 40 күндік даярлықтан өтуге мүмкіндік қаралған.

Сондай-ақ оқыңыз

Қымызың қайда, қазақ?..

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

04.04.2025

Ата Заңымыздың 34-бабында да «ҚР қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы әрі міндеті» екендігі тайға таңба басқандай көрсетілген. Сондықтан да бойындағы бұла күшін бір-біріне емес, елді қорғауға жұмсайтын жауынгерлер ауадай қажет. Сонда ғана шекарамыз шегендеулі, шебіміз мықты, тәуелсіздігіміз тұғырлы ел боламыз. Шекара шебінде тұрып, Отанымыздың тыныштығын күзететін сарбаздарымыздан жасақталған әсеріміз болса ел шетіне ешбір жау беттеп, шекарадан аттап өтпесі анық.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру