Rio Tinto халықаралық концернінің қызметкерлері Ұлытау облысындағы Жезқазған және Жыланды тобының кен орындарын аралады.
Жақында тәжірибе алмасу аясында Kazakhmys Barlau геологтары шетелдік әріптестерін ашық тау-кен қазбаларына шақырды. Бүгін қонақтар Жыланды кен алаңының құрамына кіретін Шығыс Сарыоба карьеріне барды. Шетелдік геологтар қазіргі заманға сай әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратында далалық геологтармен кездесті.
Rio Tinto – австралиялық-британдық концерн, әлемдегі үшінші ірі трансұлттық тау-кен металлургиялық компания. Компания озық технологияларды пайдалана отырып, минералды ресурстарды барлау саласында үлкен жұмыс тәжірибесіне ие.
«Қазақмыс» ЖШС баспасөз қызметі.