Құрамында 56 мыңға жуық мүшесі бар, ел аумағы бойынша ірі 4 бірдей филиалының жұмысы жолға қойылған тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағының еңбек адамына деген құрметі айрықша.
Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне орай «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған өңірінде салтанатты шара ұйымдастырып, еңбек озаттарын ұлықтап келеді.