Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Зерде

Артында ізгі іс, соны ой қалдырған

Базарбай Әлеуханұлының рухына тағзым етті

23.08.2024
- Зерде
0
Артында ізгі іс, соны ой қалдырған
111
БӨЛІСТІ
307
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кімдер келіп, кімдер кетпеген мына тұрлаусыз жалғаннан. Арқа ақпаратының ақтаңкері, ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын, жазушы Базарбай Әлеуханұлының баз кешкеніне де бір жыл болып қалыпты. Күні кеше артында қалған әріптестері, шәкірттері мен бауырлары қаламгердің есімін мәңгі есте қалдыратын сауапты іс жасады.

Бүгінгі «Ұлытау», бұрынғы «Дидар» телеарнасы жайлы әңгіме қозғалғанда ойымызға Базарбай Әлеуханұлы оралады. Оған негіз де жоқ емес. Өйткені, аталмыш арнаның кешегі оңтайландыру жылдарында өз көрермендерінен ажырамауына, оның іргелі ұжымға айналуына Базекеңнің сіңірген еңбегі аз болған жоқ. Аталмыш кешенді жиырма жылға жуық уақыт басқарып, кемеліне келтіріп, жаңадан құрылған Ұлытау облысына тегеурінді телеарна қалпында табыстаған еңбегі жұртшылық жадында. Оған күні кеше жасалынған шара айқын айғақ. Өткен аптаның соңында «Ұлытау» теле-радио кешені ғимаратының қабырғасына Базарбай Әлеуханұлының рухына мемориалдық тақта орнатылды. Шараға қаламгердің шәкірттерімен бірге жергілікті билік өкілдері, рухани достары мен замандастары қатысты.

Жиында Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ақжол Құрмансейіт сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз

Сталиннен он мәрте алғыс алған

Сталиннен он мәрте алғыс алған

04.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025

– Мемориалдық тақтаның осы телеарна ғимаратының қабырғасына орнатылуы Базарбай Әлеуханұлының кешегі оңтайландыру жылында тұралап қалған телеарнаның тамырына қан жүгіртіп, қатарға қосқан еңбегін бағалағандық. Сол кездері дұрыс жол таңдап, жүйелі жұмыс ұйымдастырылудың арқасында кешегі «Дидар» телеарнасы бүгінде «Ұлытау» деген атауға ие болып, өз көрермендерімен қауышып отыр, – деді өз сөзінде Ақжол Ахатұлы.

Сауапты шарада қаламгердің аға әріптесі Аманжол Үсенов, рухани достары – «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның Құрметті металлургі Төлеген Бүкіров пен елі «Дәри-дай ақын» атаған жерлесіміз, белгілі айтыс ақыны, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мұқаш Сейтқазинов сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін арнады.

– Базекең қандай да болса құрметке лайықты азамат еді. Бүгін осындай іс атқарып, рухына кұрмет көрсетіп жатқан шәкірттеріне айтар алғысым зор. «Жақсының аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Базарбай Әлеуханұлының есімі де енді елдің жадында мәңгі қалары сөзсіз, – деді Мұқаш Сейтқазинов тебірене тұрып.

Қаламгердің рухына көрсетілген құрмет бір бұнымен шектелген жоқ. Арнайы ас беріліп, құран бағышталды. Сол астың үстінде Базекеңнің көзі тірісінде жазған сатиралық туындылары жинақталып басылған кітаптың тұсаукесері де өтті. Орайы келгенде айта кетейік, Базарбай Әлеуханұлы қаламы қарымды журналист қана емес, айтулы ақын һәм тілінің тікені бар сатираның да сардары бола білген жан. Шәкірттерінің қолдауымен оның сол сатиралық әңгімелері жинақталып «Ұят болады» деген атпен жарық көрді. Сатиралық жинақ Астана қаласындағы «Кәусар» баспасынан басылып шықты.

Ай НУРИ.

 

 

Бөлісу44Твитерге28
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру