Сәрсенбі, 15 Шілде , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Ардагерлерге құрмет

06.12.2024
- Өндіріс және өмір
0
Ардагерлерге құрмет
76
БӨЛІСТІ
211
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өмірлерін кен өндірісіне арнап, бүгінде бейнетінің зейнетін көрер шаққа жеткен сала ардагерлерін ұлықтап, құрмет көрсету «Қазақмыс» корпорациясы деңгейінде жұмыс беруші мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы тарапынан жолға қойылған.

Өңіріміздегі алып кен орны саналатын Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Алмаз Қоңырқұлжинов зейнеткер атанған үш еңбек ардагерін кеніш директоры Мұрат Алдабергеновпен бірге құрметтеп, салаға қосқан үлестері үшін ықыластарын білдірді.

– Адал еңбек, маңдай термен атқарған істің нәтижесін көрер шақ – зейнет жасы десек, бүгін сіздер осы мерейлі қуанышқа ие болдыңыздар. Кен өндірудегі тәжірибелеріңіз бен біліктіліктеріңіз талай буынға өнеге болып қалды. Зейнет жасындағы қуанышты күндеріңіз көп болсын. Өздеріңіз еңбек сіңірген Оңтүстік Жезқазған кеніші ұжымының сіздерге деген ықыласы ерекше, – деді Мұрат Рахымбекұлы.

Ұзақ жылғы еңбегіне сай зейнеткерлікке жеткен № 65 шахтаның кен көтерме панелін басқару операторы Серік Борбасов, аталған шахтаның № 45 құрылыс телімінің ағаш шебері Сұлтан Кутинов, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шебер Төлеубек Тұрманов кеніш басшылығы мен кәсіподақ ұйымының өздеріне көрсеткен ықыластарына алғыстарын білдірді. Үш бірдей сала ардагері кәсіподақ ұйымы атынан төсбелгі мен ақшалай марапатқа ие болды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • Бозкілемдегі бәсеке: «Қазақмыс барысы» кім?

    Бозкілемдегі бәсеке: «Қазақмыс барысы» кім?

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • «Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жала жабу дегеніміз не?

    157 бөлісті
    Бөлісу 63 Твитерге 39
  • Кеңгірбай бидің батасы

    647 бөлісті
    Бөлісу 259 Твитерге 162
  • Қазақмыс Ұлытау облысында геологиялық барлауды күшейтіп, бұрғылау көлемін екі есеге арттыруда

    71 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру