Төлеген Мұсаұлы Әбдірахманов Алматыдағы Қазақ тау-кен металлургия институтын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын 1955 жылдың наурыз айында Қарсақбай мыс қорыту зауытында қарапайым жұмысшы болып бастаған.
Кейіннен металлург, зауыттың ауысым шебері, металлургия цехы бастығының орынбасары болды. Ал 1989 жылы Төлеген Мұсаұлы Жезқазған мыс қорыту зауытының директорлығына тағайындалды. Оның осы лауазымдағы жұмысы кезінде өндірістің инновациялық әдістері енгізілді.
Ақсақал медицина қызметкері күні қарсаңында Жезқазған медициналық орталығында ем-дом алып, шықты. Ардагердің даңқты еңбек жолына құрмет ретінде Жезқазған мыс қорыту зауытындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Ардақ Ақылбекова марапаттап, алғыс білдірді.
Ардагер металлург кәсіподақ тарапынан өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.