Өткен аптада аталып өткен Медицина қызметкері күнінде «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-нде еңбек ететін ақ желеңді абзал жандарға құрмет көрсетілді.
«КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті ұйымдастырған салтанатты шарада орталық директоры Владимир Моторыкин, кәсіподақ комитетінің төрағасы Ләззат Көшенова әріптестерін мерекемен құттықтады.
Өңірімізде медицина саласына сүбелі үлес қосып, адам жанының арашасына айналған сала мамандары кәсіподақ атынан алғыс алып, марапатталды.
Айта кетейік, кәсіподақтың Жезқазған филиалына қарасты комитеттер цех дәрігерлерін де кәсіби мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Бағдат АЙТӨРЕ.