Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
- Жаңалықтар
0
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары
66
БӨЛІСТІ
182
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Астанада өткен Astana Mining & Metallurgy 2025 (АММ) ХV Халықаралық тау-кен металлургия конгресі мәресіне жетті. Бұл ТМК саласындағы ең ауқымды салалық іс-шаралардың бірі. Өнеркәсіп саласындағы ең ірі компаниялардың бірі ретінде «Қазақмыс» дәстүрлі түрде конгресс пен көрмеге қатысты.

Іс-шарада жаһандық деңгейде мыс өндіру көлемін арттыру қажеттігі басты назарда болды. «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры Жәнібек Байғабеловтың айтуынша, мысқа сұраныстың артуын ескере отырып, әлемдік ЖІӨ-нің 3 % өсімін қамтамасыз ету үшін адамзат алдыңғы мың жылда бұған дейін өндірген мөлшерден де көп мыс өндіруі және өңдеуі қажет.

– Менің ойымша, біз инвестиция салып, өндіріс көлемін арттыруымыз керек. Бұл бағытта бізге халықаралық ынтымақтастық қол ұшын береді. Тек ішкі инвестицияға ғана сүйенсек, әлеуетімізді толық іске асыра алмаймыз, – деп атап өтті ол.

Өз кезегінде Qazaq Geophysics-тің техникалық директоры Дмитрий Инкин геологиялық барлау үшін қолданылатын алдыңғы қатарлы аэрогеофизикалық технологиялар жайлы сөз қозғады. Бұл технологиялардың портфеліне үш инновациялық әдіс кіреді, соның ішінде ең жаңа әзірлеме – MTd технологиясы бар.

– MTd технологиясы ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдаланады және кең ауқымды жиілікте жұмыс істейді. Бұл оны икемді және экономикалық тұрғыдан тиімді етеді. Бізде кешенді геофизикалық зерттеу жүргізу үшін қажетті дүниенің барлығы: тәжірибе, технология, команда бар. Біз ынтымақтастыққа ашықпыз және жаңа сынқатерлерге дайынбыз, – деді Дмитрий Инкин.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025

Қазақстан энергетикалық және жоғары технологиялық салаларда сұранысқа ие минералдарды өндіру мен өңдеу саласында тұрақты шешімдерді дамытуда маңызды ойыншы болып саналады. Жаңа әрі ұзақ мерзімді әріптестік қатынастың маңыздылығы туралы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму дирекциясының сыртқы стейкхолдерлермен жұмыс департаментінің директоры Тельман Шуриев әңгімеледі.

– Технологиялық ынтымақтастық пен инфрақұрылымдық қолдауды қамтитын кешенді әріптестік жаңа көкжиекке жол ашады. Бұл тұрақты даму үшін қажет және тиімді бастама. Әсіресе теңізге тікелей шығатын жолдың болмауы жағдайында логистика үшін аса маңызды, – деп атап өтті ол.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директоры Тимур Меңдебаев «Қазақмыстың» Қазақстанның моноқалаларын әлеуметтік тұрғыдан дамытудағы рөлі жайлы баяндама жасады.

Бүгінде Қазақстанда 90 қала бар, оның 20-сы – моноқала, онда 1,4 млн адам тұрады. Олар шамамен 40 % өнеркәсіптік өнім өндіреді. «Қазақмыстың» қатысты бар Балқаш, Сәтбаев қалалары моноқала болып саналады. Компания аты аталған моноқалаларда маңызды рөл атқарады. «Қазақмыстың» корпоративтік жауапкершілігі мен көрсететін қолдауы дәстүрлі меморандумдардың шеңберімен шектелмейді.

Балқашта 71 мың тұрғын бар, олардың шамамен 32 %-ы – қызметкерлердің отбасы. Сәтбаев қаласында 69 мың адам бар. Оның ішінде бұл көрсеткіш шамамен 35 %-ды құрайды.

– Бұл моноқалаларда салықтық аударымдарға басымдық беріледі. 2022 – 2024 жылдар аралығында корпорация жергілікті бюджеттерге 38 миллиард теңгеден астам қаржы аударды. Нәтижесінде қос қалаға қарастырылған қаржы жиынтық салық түсімінің 78 %-на дейінгі бөлігін құрады, – деп атап өтті Тимур Меңдебаев.

Сонымен қатар компания осы өңірлерде шағын және орта бизнесті, денсаулық сақтау саласы мен басқа да салаларды дамытуда.

Конгресс барысында ірі халықаралық компаниялар корпорацияның қызметіне қызығушылық танытты. Атап айтқанда, Қытайдың «NFC» және «CNMC» компаниялары «Қазақмыстың» жаңа кен орындарын игеру бастамаларына назар аударды.

Айта кету керек, «Қазақмыс» үшін AMM-2025 конгресіне қатысу – жай ғана имидждік шара емес, серіктестік орнату және жоба
әлеуетін таныстыру. Сонымен қатар тұрақты ойыншы ретінде Қазақстанды өнеркәсіптік салада әрі жаһандық экономикада ілгерілетуге атсалысу.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
PR департаменті.

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру