Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында өз алдына жеке дара бой көтергелі бергі уақытта Оңтүстік Жезқазған кеніші кен өндіруде белгілеген межеден түспей келеді. Ел арасында «алып кеніш» аталып кеткен бұл кенішке мұндай атау тегіннен-тегін берілмесе керек. Қазымхан Кентаев, Демберген Баймағанбетов сынды қос бірдей Социалистік Еңбек Ерінің даңқты жолы қалыптасқан Оңтүстік Жезқазған кеніші сол атақты лайықты жалғастыруда.
Бүгінгі таңда Данияр Жаналинов басшылық жасайтын кеніштің № 45,65 шахталарында кен өндіру көлемі мен құрамы үнемі өз деңгейінен көрінуде.