Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Алқалы бас қосуға қатысып қайтты

06.12.2024
- Өндіріс және өмір
0
Алқалы бас қосуға қатысып қайтты
72
БӨЛІСТІ
199
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қараша айының 28 – 29 күндері Алматы қаласында «Тәуелсіз Қазақстанның Халық батырлары» қоғамдық бірлестігінің ІІІ есеп беру конференциясы өтті.

Бұл айшықты шараға шақырту алғандардың қатарында егемендік алған тұстан бергі уақытта кеншілер арасынан тұңғыш рет Қазақстанның Еңбек Ері атағын алған, Ұлытау облысының және Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, кенші, № 73/75 шахтаның бригадирі, «Тәуелсіз Қазақстанның Халық батырлары» ҚБ Ұлытау облысы бойынша филиалының төрағасы Тұрсынбек Мақышев та бар.

Тұрсынбек Шамбылұлы Алатау етегінде өткен айшықты жиын жайында бізге баяндап берген болатын.

– Қазақстанның Халық Қаһармандары мен Қазақстанның Еңбек Ерлерінің басын қосқан алқалы жиынды Қазақстанның Халық Қаһарманы, қоғамдық бірлестіктің төрағасы, армия генералы Бақытжан Ертаев ашты.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

Жиын барысында бірлестіктің әр аймақтағы филиал төрағалары бір жыл ішінде атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы мақсат-міндеттерді пысықтады. Айта кеткен жөн болар, бұл аталған бірлестіктің көздеген мақсаты жас буынның бойына патриоттық рухты сіңіріп, келешек ұрпақты елін, жерін қорғауға тәрбиелеу болып табылады.

Жыл сайын Қазақстанның Халық Батыры және Қазақстанның Еңбек Ері атағын иеленушілер қатары толыға түсуде. Биылғы жылы еліміз бойынша Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы бұрыңғы Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаевқа, Қазақстанның Еңбек Ері 5 азаматқа лайық деп танылды.

Айшықты шараның барысында «28 Панфиловшылар» саябағында Ұлы Отан соғысында ерлігімен танылған батырлардың рухына тағзым жасалып, гүл-шоқтары қойылды. Алматы қаласының білім бөлімімен бірлескен жиынның аясында Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған № 178 мектеп-лицейінде болдық. Мұнда физика-математика бағытында тереңдете білім беріледі екен. Мұнымен қоса біз «Арыстан» әскери-кадет лицейінің жас ұрпақты білім мен тәрбиеге баулуда атқарып жатқан жұмыстарымен таныстық. Бұл әскери-кадет лицейінің заманға сай әлеуеті қалыптасқан білім ошағы екеніне көзіміз жетті. Сонымен қатар, Қонаев қаласындағы «Балдәурен» әскери-патриоттық мектебінде де болып, білім ошағының жан-жақты тұлға дайындаудағы озық тәжірибесімен таныстық.

Екі күндік конференция тәжірибе алмасу мен жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік берді, – деп атап өтті Қазақстанның Еңбек Ері.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру