Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Әлем чемпионатынан күміспен оралды

13.12.2024
- Өндіріс және өмір
0
Әлем чемпионатынан күміспен оралды
71
БӨЛІСТІ
196
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Спорттың ерекше әрі елімізде енді ғана қарқын ала бастаған түрі таяқ тартудан Ұлытау облысы бойынша дүбірлі додаларда бақ сынап жүрген жерлесіміз, Оңтүстік Жезқазған кеніші № 45 шахтаның № 3 телімінде бұрғылаушының көмекшісі болып еңбек ететін Инаят Транов жақында Қырғызстан мемлекетінің астанасы Бішкектен жүлдемен оралды.

Таяқ тартудан өткен VI әлем Чемпионатында Инаят Транов елімізге күміс олжалап қайтты. Бұл әлем чемпионатында жиырмадан аса елден спортшы қатысқан. Қазақстан бойынша 24 үміткер бақ сынады.

– Айыр қалпақты ағайындылардың елінде өткен додада әлем бойынша қазақстандық 6 спортшы қолаға қол жеткізсе, екі спортшы күміс олжаладық. Менің қарсыластарым өте мықты болды. Ең бірінші Конгодан келген спортшымен бақ сынап, оны екі де бір есебімен ұттым. Екінші айналымда Моңғолияның спортшысына қарсы тұрдым. Оны екі де ноль есебімен артта қалдырдым.

Ақтық мәреде Якутиядан келген чемпионмен шықтым. Бұл бәсекеде мен есе жіберіп қойдым. Ол ноль де екі ұпаймен жеңіп кетті. Әлем Чемпионатындағы күміс жүлдем алдағы үлкен жеңістерімнің бастауы деп білемін, – деді Инаят.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

Айта кетейік, Инаят Трановтың бұл спорт түрімен айналысқанына бір жылдан аса уақыт өтіпті. Ол сәуір айында Астана қаласында өткен бірінші республикалық турнирде І орын иеленген болатын. Асқар Әбдіхамиттен спорттың қыр-сырын меңгерген оның әлемдік дәрежедегі додалардан алтын алуға үміті мол.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру