Балқаш мыс қорыту зауытындағы металлургиялық пештерді
жөндеу цехында Юрий Лошковец есімді еңбек озаты бар. Юрий
Алексеевич бүгінде өндіріс саласында тәлімгер атанған.
Ол 1962 жылы 26 сәуірде Түмен обылысы Куртал селосында дүние есігін ашқан. Мысты шаһарда білім алып, кейін әке жолын қуды.Әкесі Алексей Иванович еңбек жолын Балқаш қаласында Тау-кен комбинатындағы прокаттау цехында бастаған. 1975 жылы Балқаш мыс қорыту зауытына ауысып, металлургиялық пештерді жөндеу ұжымына оттөзімдеуші болып орналасады. Содан 1984 жылы 12 қыркүйекте жасына байланысты құрметті еңбек демалысына шығады. Көпжылғыеңбегіеленіп, «Еңбек ардагері» атағы берілді.
Юрий Алексеевич өзінің еңбек жолын 1980 жылы жүргізуші болып бастап, әскери міндетін өтеп келген соң, әкесінің жолын қуып, металлургиялық пештерді жөндеу ұжымына оттөзімдеуші болып орналасады. Қәзіргі уақытта осы ұжымдағы еңбек өтілі – 40 жыл. Ол осы жылдар ішінде өзінің мықты маман екенін көрсете білді, бірнеше жасты еңбекке баулыды.
Еңбегі еленіп, зауыт басшылығы тарапынан құрметке кенелді. Алпыстың асқарына атбайлаған Юрий Лошковецті металлургиялық пештерді жөндеу цехының ұжымы мерейтойымен құттықтап, еңбегіне табыс тілейді.
Бағдат АЙТӨРЕ.