Өндірістегі есеп-қисаптың ебін тауып, шығынсыз жұмыс жасау міндетін мінсіз атқарып келе жатқан сала маманына «Нұрқазған» кеніші әкімшілігі мен ондағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті құрмет көрсетті.
«Қазақмыс» корпорациясының жүйесінде 1990 жылдан бері есепші болып еңбек ететін Бейсенкүл Әлібаева ажарлы алпыс жасқа толды. Бейсенкүл Әбірезқызын мерейтойымен кеніш директоры Мұқан Үңгітбаев пен «КәсіпҚорған» кәсіподағы Қарағанды филиалының төрағасы Мадияр Қалиев құттықтап, жылы лебіздерін арнады. Бейсенкүл Әлімбаева өз саласында білікті маман ретінде ғана емес кәсіподақ ұйымының белсендісі ретінде де танымал. Сондықтан кәсіподақтың қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысқаны үшін Мадияр Қанатұлы Бейсенкүл Әбрезқызына «Кәсіподақтың Құрметті қызметкері» төсбелгісін табыстады.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.